Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65
Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65

Сайттың аналитикасы

  • Бүгін
    236
  • Кеше
    280

Жаңалықтар мұрағаты

Оқытушылар мен қызметкерлердің ар-намыс кодексі

Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің
оқытушылары мен қызметкерлерінің
Ар-намыс кодексі

Мазмұны:

1.Жалпы ережелер

2.Корпоративтік принциптер мен құндылықтар

3. Педагогикалық ұжымының корпоративтік этикасы

4. Кәсіби қауымдастығының Ар-намыс кодексінің нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілігі.

1. Жалпы ережелер

1.1 Осы кодекс Б.Аметов атындағы ППК оқытушылары мен қызметкерлерінің корпоративтік мәдениеті мен тәртібінің негізгі ережелерін анықтайды.

1.2 Б.Аметов атындағы ППК оқытушылары мен қызметкерлерінің Ар-намыс кодексі колледжде моральдік-психологиялық құруға бағытталған.

1.3 Осы кодекстің барлық нормаларын іске асырудың басты мақсаты-Б.Аметов атындағы ППК оқытушылары мен қызметкерлерінің Кәсіби қауымдастығының корпоративтік мәдениетін нығайту, беделін арттыру.

1.4 Б.Аметов атындағы ППК әр оқытушысы мен қызметкері осы кодекстің нормаларын сақтай отырып, колледждің имиджін және іскерлік репутациясын нығайтуға өз үлесін қосады.

2. Корпоративтік принциптер мен құндылықтар

2.1 Б.Ахметов атындағы ППК қызметі келесі принциптерде негізделеді:

2.1.1 Б.Аметов атындағы ППК – оқу үдерісінде оқытудың сапалы білімдердің, мәдениеттің, ғылым мен инновациялардың жетекші орталығы, жаңа технологияларды қолданады.

2.1.2 Б.Аметов атындағы ППК, болашаққа ұмтылған колледж, колледждің білім беру концепциясын нәтижелі іске асырады.

2.1.3 Б.Аметов атындағы ППК өзінің қызметкерлерін бағалайды және сыйлайды және жоғары этикалық стандартқа сәйкес әрекет етеді.

2.1.4 Б.Аметов атындағы ППК жемқорлық пен пара алудың кез келген құбылыстарына жол бермеу.

2.1.5 Б.Аметов атындағы ППК рухы – бірлікте. Оқытушылардың, қызметкерлер мен студенттердің креативтілігі, сопричастность пен серіктестігі – корпоративтік этиканың ажырамас бөліктері

2.2 Басты корпоративтік құндылықтар:

2.2.1 Көрсетілетін білім беру қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігі

2.2.2 Әлемдік білім беру кеңістігіне интеграция

2.2.3 Өзгерістер мен инновацияларға ашылу

2.2.4 Ғылыми зерттеулер мен жасауларға үнемі бағыттылық

2.2.5 Жоғары академиялық жауапкершілік

2.2.6 Шығармашылық өсім мен жетілуге ұмтылыс

2.2.7 Адамгершілік, патриотизм, азаматтылық

2.2.8 Қызметкер мен білім алушыны тұлғасына сыйластық көрсету, олардың құқығы мен мүдделерін қорғау

2.2.9 Колледжге деген адалдық және оның жоғары стандарттарына сәйкес болуға даярлық.

3. Колледж ұжымының корпоративті этикасы

3.1 Б.Ахметов атындағы ППК оқытушылары мен қызметкерлері міндетті:

3.1.1 Б.Ахметов атындағы ППК оқытушылары мен қызметкерлерінің жоғары атағына лайық болып, өзінің қажырлы еңбегімен адалдық пен абыройлықпен

колледж мәртебесін ұстану.

3.1.2 Колледж миссиясын жүзеге асыру және кәсіби қызметте корпоративті миссиямен тең ұстау.

3.1.3 Колледж алдына қойылған мақсаттары мен міндеттерін іске асыруына жауапкершілікті толық қабылдау, колледж қызметінің нәтижесіне быть причастным

3.1.4 Өз қызметтік міндеттерін орындай отырып, жоғары мәдениетті, жауапкершілікті, академиялық адалдық пен шындықты таныту, өзара сыйластық принциптері мен әріптестер және студенттермен мейірімділік қатынасты басшылыққа алу.

3.1.5 Отандық және шетелдік тәжірибелері мен ғылым жетістіктерін зерделеп, өз білім деңгейлерін үгнемі арттыра отырып, кәсібилікке ұмтылу.

3.1.6 Студенттер үшін өз колледжіңе, дәстүрі мен тарихына құрметпен қарауды, еңбек тәртібінің үлгісі болып қызмет ету.

3.1.7 Колледждің іскерлік ұстанымын қолдап отыру, колледждің мүддесіне қайшы іс-әрекеттерден аулақ болу.

3.2 Оқытушылар мен қызметкерлер:

3.2.1 Әріптестер мен студенттердің намысын аяққа таптамау, менмендік пен менсінбеушілікті көрсетпеу

3.2.2 Студенттердің көзінше әріптестердің жеке өмірі мен кемшіліктері туралы талқыламау.

3.2.3 Колледжге мас күйінде келу және алкогольді ішімдіктерді колледжде ішуге болмайды.

3.2.4 Студенттерден сыйлықтар мен ақшалай сыйақы қабылдауға болмайды.

3.2.5 Дін идеяларын, сондай-ақ ұлтаралық бірлік пен конфессияаралық келісімге қарама қайшы пікірлер мен ұстанымдарды таратуға болмайды. Колледжде және басқа қоғамдық орындарда хиджаб, қысқа шалбар киюге, сақал жіберуге болмайды.

3.2.6 Жұмысқа кешігуге, сабақтарды қысқартуға немесе себепсіз босатуға болмайды.

3.2.7 Өз қызметтік міндеттерін орындауда дөрекілік көрсетуге болмайды.

3.2.8 Студенттерге қатысты өз лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалануға, студенттерге және оларды бағалауда кемсітушілік көрсетуге болмайды.

3.2.9 Колледж әкімшілігінің шешімі туралы қате ақпарат таратуға болмайды.

3.3  Басшы мен қызметкер арасындағы қарым-қатынас:

3.3.1 Басшы міндетті:

- өзінің кәсіби және жалпы адами қасиеттерімен қызметкерлерге үлгі болу;

- іскерлік қарым-қатынасының корпоративтік этикасының негізгі ережелерде өзінің жүріс-тұрысының нормалары мен принциптерді базалау;

- қызметкерлер тұлғасына сыйластық көрсету, олардың намысын аяққа таптамау;

- қызметкерлері алдында өз қатесін түсіну және оларды сөкпеу;

- ұжымда мейірімділік және іскерлік жағдай жасау.

3.3.2 Қызметкер міндетті:

- еңбек тәртібіне бағыну

- болмаған себебі туралы басшыға уақтылы ақпарат беру

- колледж басшысының түрін, аты-жөнін білу

-кездескен жағдайда бірінші болып амандасу

- үй-жайларға кіргенде бірінші болып амандасу

Әріптестермен қарым-қатынас:

-          бір-біріне сыйластықпен қарау

-          түсінбеушілік болған жағдайда міндетті түрде кешірім сұрау

-          басқа қызметкерлердің көзінше әріптестерді, басшыны сынамау

-          өсектерді таратпау

-          басшыға, әріптестерге, қызметкерлерге және студенттерге Сіз деп сөйлеу

-          жұмыс уақытында тек қана қызметтік міндеттемелерді орындау

-          ұстамды болу, дөрекілік көрсетпеу

-          әріптестерге көмек беру, білім мен тәжірибемен бөлісу

3.3.4 Басты кәсіби міндеті ретінде жұмысқа деген қатынас, студенттерге үлгі болу: 

- ғылыми-педагогикалық біліктіліктің жоғары деңгейін үнемі қолдап, құзіретті болу

- оқушылардың білім, білік пен дағдыларын шынайы бағалау

- колледждің ғылыми жетістіктерін көбейтуге өз күшін, білімі мен тәжірибесін аямау

- плагиат қолданбау

- жарияланбаған ақпараттың конфиденциалдығын сақтау

3.3.5 Мәжіліс пен жиналыстарды өткізу

- жиналыстар мен мәжілістерге уақытында келу

- күн тәртібімен ертерек танысып, қажетті материалдарды өзімен бірге алу

- жиналыс не мәжіліс алдында ұялы телефонды өшіру

- отырыс болып жатқанда кіргенде және шыққанда айғайлап кешірім сұрамау

- жеке мәселелерді шешу үшін жиналыс мінбесін қолданбау

4. Ар-намыс кодексінің нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілік:

4.1 Ар-намыс кодексі барлық қызметкерлер мен оқытушылар үшін тең дәрежеде іс болып табылады.

4.2 Оқытушылар мен қызметкерлер корпоративтік мәдениеттің кодексінбілу міндетті және өз жүріс-тұрысына қатаң жауапкершілік алу.

4.3 Осы кодекстің ережелерін бұзу колледж оқытушысы мен қызметкердің мәртебесіне лайық емес ретінде  қарастырылады.

4.4 Кодекс нормаларын бұзғаны үшін келесі шаралар қолданады:

- көпшілік алдында кешірім сұрау ұсынысы

- колледж этикасы бойынша Комиссиясымен тәртіпті талқылау;

- тәртіптік жаза қолдану.

Сондай-ақ оқыңыз