Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65
Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65

Сайттың аналитикасы

  • Бүгін
    43
  • Кеше
    271

Жаңалықтар мұрағаты

Әлеуметтік серіктестер

Оқу өндірістік жұмысты ұйымдастырудағы колледждің әлеуметтік серіктестермен жұмысы 

         Болашақ педагогты дайындау жүйесінде басты орын алатын педагогикалық практика. Педагогикалық практика болашақ маманның педагогикалық іс-әрекетіне байланысты адаптация болып отырады.

         Колледж студенттерінің кәсіптік практикасы – бұл орта кәсіптік білім беру бағдарламасының бір бөлігі. Өндірістік практика кезінде студент кәсіптік қызметінде өз тәжірибесін жинақтап, кәсіптік білім және дағды жүйесін анықтауға бағыттайды.

        2016ж. 28 қаңтардағы БжҒМ «Білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының және кәсіптік практикадан өткізуге арналған үлгілік шарт нысандарын бекіту туралы»№93 бұйрығына сәйкес,әлеуметтік серіктестікті  тиімді жүзеге асыру мақсатында колледж, кәсіпорын, студент пен ата-аналар арасында үш жақты  814 жеке келісімшарттар жасалды.Педагогикалық практика колледждің базалық мектептері мен балабақшаларында (№2, №3, №5, №7, №9, №10, №13, №19, №22, №23, №25, №28, №29, №35, №39, №41, №43  мектептер, №10, №27, №35, №38, №44, №120, №121, №122 балабақшалар) өтеді.

        Дуальді оқыту жүйесі бойынша барлығы 106 студент қамтылды, оның ішінде «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» біліктілігінен - 80 адам және  «Мектепке дейінгі және негізгі орта білім беру ұйымдарында музыка мұғалімі» біліктілігі бойынша - 26 адам.  Сондай-ақ серіктестік аясында 2016-2019 оқу жылдарына дуалды жүйесінің элементтерін енгізуде 2016ж. 21 қаңтардағы БжҒМ «Дуалды оқытуды ұйымдастыру ережесі»№50 бұйрығына сәйкес, колледж білім берудің мектепке дейінгі ұйымдарымен практика өтуге білім алушыларға жұмыс орындарын беру туралы 6 үшжақты келісімшарттар жасалды:  «Павлодар қаласы № 27 сәбилер-бақшасы» МКҚК,«Павлодар қаласы №35 сәбилер-бақшасы» МКҚК,«Павлодар қаласы № 44 сәбилер-бақшасы» МКҚК,«Мемлекеттік тілде оқытумен этномәдени тәрбие орталығы -№120 сәбилер-бақшасы» МКҚК,«Павлодар қаласы № 121 сәбилер-бақшасы» МКҚК және «Павлодар қаласы № 122 мектепке дейінгі гимназия» МКҚК. 2017-2018 оқу жылында дуальді оқыту бойынша №10, №22, №35 орта мектептерімен үш келісім шарт жасалды.  

        Колледж практиканттарға жаңа технологияны, қазiргi әдiстеменi, және тәсiлдерi мен әдiстерiн игеру үшiн қажеттi жағдайлар жасап отыр. Бiлiм алушылардың кәсiби практикасына жалпы басшылықты жүзеге асыратын жауапты қызметкердi тағайындайды, қажет болған жағдайда бiлiм алушы-практикантқа жетекшi мамандар арасынан әдіскерлер бекiтедi. Практиканың оқу бағдарламасына сәйкес оның орындалуының неғұрлым тиiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн бiлiм алушыларға жұмыс орның ұсынады

Сондай-ақ оқыңыз