Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65
Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65

Сайттың аналитикасы

  • Бүгін
    235
  • Кеше
    280

Жаңалықтар мұрағаты

Студенттердің ар-намыс кодексі

Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі студентінің
Ар-намыс кодексі

       Мен, Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің студенті,  еліміздің жоғары сыныпты және жоғары адамгершілікті мамандарын даярлау бойынша Колледж миссиясының іске асыруға өз жауапкершілгімді сезіне отырып, Қазақстан және Павлодар облысының кәсіби кадрларын даярлау орталығы мен білім беру жүйесінің жетекші мекемесі ретінде Колледж имиджін сақтау, студенттік қауымдастығының корпоративті мәдениетін қолдауы мен дамытуын борышым деп есептей отыра, Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің студентінің  осы Ар-намыс кодексін қабылдаймын және оны орындауға міндеттімін.

1 бап. Студент Қазақстан Республикасының абыройлы азаматы, таңдаған мамандықтың кәсіби маманы болуға, өзінде шығармашылық тұлғаның үздік қасиеттерін дамытуға ұмтылады.

2 бап. Студент үлкендерге құрметпен қарап, айналасындағыларға дөрекілік көрсетпей, әлеуметтік қорғалмаған жандарға түсіністікті танытып, оларға мүмкіндігінше қамқор бола біледі.

3 бап. Студент- тәртіптің, мәдениет пен моральдің үлгісі, келеңсіз жағдайларды және жынысы, ұлты және діні бойынша дискриминация құбылыстарын  болдырмайды.

4 бап. Студент салауатты өмір салтын ұстанады және зиянды әдеттерден толық бас тартады.

5 бап. Студент колледждің дәстүрлеріне құрметпен қарайды, мүлкін сақтайды, студенттік жатақханада тазалығы мен тәртібін қадағалайды.

6 бап. Студент шығармашылық белсенділікті дамытуға, колледждің корпоративті мәдениеті мен имиджін арттыруға бағытталған кез келген қажетті және пайдалы әрекетті  таниды.

7 бап. Студент колледж қабырғасынан тыс жерде педагогикалық колледждің өкілі екені әрдайым есінде болу керек және арын түсірмеуге барлық күшін салу керек.

8 бап. Студент академиялық құйтырқыларының барлық түрімен күресу өзінің борышы болып есептесін, оның арасында, білім бақылау процедураларын өтуде басқаларға көмекке жүгінуге немесе көшіріп  алуда; жоғары баға алу үшін туыстық және қызметтік байланыстарды пайдалануда; себепсіз сабақтарды босату және кешігіп келуде.  Студент аталған академиялық құйтырқыларының барлық түрін Қазақстанның абыройлы, болашақ экономикалық, саяси және басқару зиялыларының сапалы және бәсекеге қабілетті білім алуда кедергісі ретінде қарастырады.

9 бап. Кодекс ережесін бұзушылығын тапқан студент өз күшімен тоқтатуға немесе әкімшілік пен студенттік өзін-өзі басқару органдарына осы туралы хабарлайды. 

Сондай-ақ оқыңыз