Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65
Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65

Сайттың аналитикасы

  • Бүгін
    236
  • Кеше
    280

Жаңалықтар мұрағаты

Ахметов Бейсен Ахметұлы

123

     Ахметов Бейсен Ахметұлы 1913 жылы Павлодар облысының, Ермак (Ақсу) аудынында кедей, қарапайым малшы отбасында дүниеге келген. Әкесінен ерте айрылған Бейсен үлкен ағасының тәрбиесінде өседі. Ауылда мектеп, оқу орындары жоқ кез еді.
     Бейсен Ахметов кейбір естеліктерінде: «Азды-көпті білімі барлар келімді-кетімді қазақ балаларын, ауыл жастар тобын жинап, олардың сауатын ашып, оқу-жазуға үйрететін»-, деген екен. Туған ағасының Павлодарға көшіп келуі кішкентай Бейсеннің №6 мектептің 3-сыныбына баруына ықпал жасайды. 5-6 сыныпты Бейсен Ахметов орыс мектебінде оқиды. 1926 жылы Павлодар қаласындағы №6-гимназияны тәмамдайды.
     Білімге деген құштарлық Бейсенді 1929 жылы Өскемен қаласынан Павлодар қаласына көшірілген педтехникумға әкеледі. Техникумда оқып жүргенде оқу озаты, тәжірибелі ұйымдастырушы студент Ахметовке Ямышево селосында балалар үйін ұйымдастыру тапсырылады. Бейсен Ахметұлы берілген жұмысқа жауапкершілікпен қарап, өзінің тек жақсы, үздік оқитындығын ғана емес, болашақта білімді, тиянақты ұстаз бола алатындығын көрсетті. Бейсен 1932 жылдың наурыз айынан қыркүйек айына дейін Ямышево селосында балалар үйінде жұмыс істейді.
     1933 жылы педтехникумды бітіріп, Бейсен Ахметұлы Ертіс ауданы Беловод мектебінде 5-7- сыныптарға бір жыл математика пәнінен сабақ беріп, екінші жылы мектеп директорының қызметін атқарады.
     1935-1940 ж.ж. аралығында Алматыда ҚазМҰУ-дың физика-математика факультетінде оқыды. Сол жылдары ол спортпен шұғылданады. 1939 жылы Алматы студенттері арасында өткізілген шахмат-дойбы ойын жарыстарында 1-орынды жеңіп алады.  Университетті 1940 жылы бітірген Бейсен Ахметұлы әскер қатарына шақырылады.
     Педагогтік қызметі Ұлы Отан соғысының басталуына орай үзіліп, ойы ұшқыр ұстаз майданға аттанады. Ол лейтенант курстарын бітіріп, кейін Фрунзе  қаласында жабдықталған атқыштар бригадасында әскер қызметін атқарады. 1942 жылы осы атқыштар бригадасы негізінде 207-атқыштар дивизиясы жабдықталып, капитан Ахметов-штаб бастығының көмекшісі болады. Бейсен Ахметұлы өз дивизиясымен Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысады.
     1943 жылы 207-атқыштар дивизиясы Смоленскіні азат ету үшін Белорусияға ауыстырылады.  1943 жылы Орша түбіндегі ұрыста Ахметов қатты жарақаттанады. Бұл туралы Бейсен Ахметов былай еске түсіреді: «15-20 минуттың ішінде біздің бөлімдердің орналасу картасын желу керек болды. Бұл үшін 300-500 метрде тұрған көрші дивизияға барып келу керек болды. Мен байланыс басшысы ретінде жаныма бір автоматшыны алып өзім бардым. Түнгі орманда ешнәрсе көрінбесе де, ары-бері зуылдаған оқтар мен айнала жарылып жатқан снарядттар. Еңкейіп жүруге тура келді. 5-7 метр жүгіреміз де, жерге құлаймыз, құлап бара жатып қайда жүгіру керектігін қараймыз.
     Осылай біз көрші дивизияға жеттік. Ал штаб дивизиядан 50 метр жерде болатын. Траншеямен бүкіл дивизия арқылы жетуге болар еді, бірақ оған көп уақыт керек. Осы кезде мен траншеядан емес, ашық жермен жүгіріп кеттім. Автоматшыны траншеяда қалдырып кеттім: өзім оққа ұшсам, автоматшыны картаны жеткізу мақсатында. 5 метр жерді жүгіріп өтер-өтпестен жанымда снаряд жарылады. Одан арғысы есімде жоқ. Траншеяда бірақ есім кірді. Басым байланған, екі аяғым ауырып әкетіп барады. Екі жігіт блиндажға әкелді де, көмекке кеттік деп кетіп қалды. Көп уақыт өтті. Менің халім нашарлай берді: есім бір кіріп, бір шығып жатты, қан көп кетті. Осылай бір тәулік жаттым. Енді аздан соң бәрі бітетіндей болды. Жанымда артиллерия полктері барын білетінмін. Даусымды солар естиді-ау деп айқайлай бердім. Күш өзінен-өзі келді. Сөйтіп даусымды естіп, маған көмекке жетті.» Осылайша, Бейсен Ахметовті жақын арада  санитарлық ротада операция жасап, гипс салынады. Содан Бейсен Ахметовті Иваново қаласындағы госпитальға жібереді.
     1944 жылы әскери бөлімшенің өкімімен ІІ топ мүгедегі ретінде тылға жіберіледі. Отанымыз Ахметов Бейсен Ахметұлының ерліктерін жоғары бағалаған. Ол «Қызыл Жұлдыз» ордені, «Мәскеу шайқасы үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін» медальдарымен марапатталады.
     Соғыс жалдарынан кейін Бейсен Ахметұлы Тобылжан мектебінің директоры болды, кейін 1948 жылы оқу-тәрбиесі жұмысын ұйымдастыра білетін жоғары маман болғандықтан Павлодар педагогикалық училищесінің директоры болып тағайындалады. Соғыстан кейінді қиын кезеңде Б. Ахметов оқытушылармен бірге училищенің материалдық базасын қалпына келтірді және шығармашылық педагогикалық ахуал қалыптастырды. Жоғары мәдениеттілігі, білімділігі, біліктілігі, еңбек сүйгіштігі Б. Ахметовке  талантты педагогикалық ұйым құруға, жұмысқа икемді шәкірт дайындауға көмектесті. «Шәкірттерінің бәрі Б. Ахметовты жақсы көретін, ол өзінің тартылымдығымен, адамгершілігімен студенттердің сүйіспеншілігіне бөленді. Бізді таңғалдырғаны- ол барлық шәкірттерінің аты-жөнін білетін, әрқашан жылы сәлемдесіп, біздің күнделікті өмірімізге көңіл бөле жүретін...»- деп бұрынғы шәкірті Е. Н. Синицина ұстазын есіне алады.
     Шәкірттерімен және педагогтармен жұмыс істеу оған өте қызық болатын. Өйткені ол өз ісіне шын берілген, мейірімді, таза жүректі адам еді. Ол әрқашан қалың елдің арасында жүретін, жұрттың бәріне көмекке дайын тұратын. Оның әділдігін талап қоюшылығын, беріктігін білген әр кісі одан кеңес алуға, тәжірибе үйренуге келетін. Осы адамның кез-келген жұмыс жүйесіндегі әр әрекетті терең ойлауымен және қисынды тұжырымдармен ұштасып жататын. Б. Ахметов әркімнен өз бетінше ойлауды талап ете отырып, әдістемелік ізденіске үйрететін.
     Бейсен Ахметовтың педагогтік қызметі «Халық ағарту озаты» (1947 жыл), «Еңбек Қызыл Ту» ордені (1960 жыл), «ҚазКСР-на еңбегі сіңген  ұстаз» (1961 жыл)  және басқа мемлекеттік марапаттаулары жоғары бағаланады.
     1972 жылдан бастап Бейсен Ахметов зейнеткерлікке шығады. Қала өмірінің тұрмыс-тіршілігіне немқұрайлы қарамайтын. Оған тән ерекше қасиет – ол жұмыссыз отыра алмайтын. 1977 жылы оған Павлодар қаласының «Құрметті азаматы» атағы берілді.
     1984 жылы ұстаз өмірден озды, қазіргі жас буынды тәрбиелеп, оқытып жатқан шәкірттерінің  ісіне оны өлдіге қимаймыз. Бейсен Ахметұлы жастарды тәрбиелеуде, оқытуда көрсеткен еңбегі өте зор. Адам өмірін жақсартудың, қарапайымдылықтың , шыдамдылықтың, нағыз азаматтықтың айқын үлгісін Бейсен Ахметов өмірі көрсете білді. 

Сондай-ақ оқыңыз