Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65
Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65

Сайттың аналитикасы

  • Бүгін
    127
  • Кеше
    206

Жаңалықтар мұрағаты

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

«Туған жер» атты облыстық фотобейне сайысы

643

         2017 жылдың 8 желтоқсанынан 2018 жылдың 8 қаңтары аралығында облыстық оқушылар Сарайында «Луч» шығармашылық бірлестігі «Туған жер» атты облыстық фотобейне сайысын ұйымдастырып, өткізді.

      32 қатысушыдан 63 жұмыс сайысқа қатысты. Туған өлкенің фотобейнелерін Павлодар қаласының № 5, 11, 12, 17, 21, 29, 32, 37, 39, 42 жалпы білім беру мектептерінің, дарынды балаларға арналған «Жас дарын» мектебінің, басқарма колледжінің, Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің студенттері, Екібастұз қаласының (Солнечный ауылы) №16 жалпы орта білім беру мектебінің, сонымен қатар Ертіс ауданының Абай мектебінің оқушылары, Май ауданының оқушылар Сарайына қатысатын балалар жұмыстарын жіберген.

     Фотосайыстың әділ қазылары 8 қаңтардан 15 қаңтар аралығында аптаға жуық қорытынды шығарды. БАхметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінде «Бастауыш сыныпта ағылшын тілі мұғалімі» мамандығы бойынша колледжде білім алып жатқан Боцман Екатерина аталған фотосайысқа белсене қатысты.

         Екатерина ұзақ уақыт фотобейне мен журналистикаға көңіл бөліп, колледждің, қалалық, облыстық, республикалық сайыстар мен шараларға қатысады. Журналистика мен фотоөнер сайыстарында жиі жеңімпаз, жүлделі орындарға ие болады.

        Осы жолы да 9-11 сынып оқушылары арасындағы сайыс қорытындысы бойынша тәжірибелі әділ қазылардың пікірінше Боцман Катя «Туған жер» атты облыстық фотобейне сайысының жеңімпазы атанды:

1 орын (150 ұпай) – Боцман Екатерина (Павлодар қ, Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі);

2 орын (133 ұпай) – Меркулов Никита (СОПМТ № 11, Павлодар қ.);

3 орын (116 ұпай) – Королёва Дарья (басқару колледжі, Павлодар қ.).

Соңғы жаңалықтар

  • Үздік үштік қатарында
    26 Шілде 2018 ж. 92

          Білім беру саласында үздік сапаны қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз агенттігі өткізген 2018 жылдың үздік педагогикалық колледждер Ұлттық рейтингі бойынша Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі 54,75 ұпаймен екінші орынға ие болды. Айта кету керек осы рейтингтің көш басында...

  • Жазғы тәжірибе
    21 Шілде 2018 ж. 65

         Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің үшінші курс студенттері Павлодар қаласы мен облысының жалпы білім беру аясында сауықтыру лагерінде жазғы тәжірибеден өтті. Студенттер мектеп аясындағы лагерь құжаттарымен: тақырыптық шараларды өткізу жоспарларымен, күн тәртібімен, отрядтар тізімі және т.б. танысты.  ...

  • Жаратылыстанудан тәжірибе
    20 Шілде 2018 ж. 49

           Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің «Бастауыш білім беру» мамандығының екінші курс студенттері жаратылыстанудан тәжірибеден өтті. Студенттер тәжірибеде өлкенің жер бедерімен, өсімдіктер мен жануарлар әлемімен танысты.  Саяхат сабақтың және тәжірибе сабақтарының жоспарын құрастырып, мектеп аймағындағы бөлімдерде бастауыш сынып...

  • «Көк құс» креативті лагері
    19 Шілде 2018 ж. 42

           Тәжірибеден өту барысында әр студентке өзінің болашақ мамандығының қыр-сырын танып, өзін маман ретінде сынап көруге мүмкіншілік беріледі. Лагердегі тәлімгер ретіндегі жазғы тәжірибе  болашақ оқытушы мен тәрбиешіге балалар мен жасөспірімдердің мінезін түсінуге, ұйымдастырушылық дағдылар қалыптастыруына көмектеседі.    ...

  • "Ертіс" ФО
    14 Шілде 2018 ж. 58

         Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің студенттері Темирлан Қилаш, Әлихан Қабдрашит, Тамерлан Сматаев, Роман Ваккер, Асылхан Умергалиев, Рахат Турсунханов, Мирас Турлыбек, Данияр Закирьянов футболдан "Ертіс" ФО  құрамында шілденің 9-14  аралығында Астана қаласында өтетін "Әкім кубогы" жарысына қатысты.

  • Ақ жол, түлек!
    25 Маусым 2018 ж. 129

            Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінде түлектерге – бастауыш сынып мұғалімдеріне, ағылшын тілі мұғалімдеріне, дене шынықтыру мұғалімдеріне, мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілеріне, музыка мұғалімдеріне салтанатты түрде дипломдарды табыстау өтті. Дипломдарды салтанатты түрде табыстау колледждің мәжіліс залында оқытушылардың, түлектердің...