Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65
Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65

Сайттың аналитикасы

  • Бүгін
    210
  • Кеше
    242

Жаңалықтар мұрағаты

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

«Өрлеу» БАҰО АҚ ПК БАИ Павлодар филиалының тренерлерімен бірлесіп, Павлодар облысының білім беру ұйымдарының оқытушыларына арналған PISA халықаралық зерттеуді даярлап, жүргізу жөніндегі семинар

554

       2018 жылдың 9 ақпанында Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі шеңберінде «Өрлеу» БАҰО АҚ ПК БАИ Павлодар филиалымен бірлесіп, колледж бен мектеп оқытушыларына арналған «PISA халықаралық зерттеуді өткізу шеңберінде функционалдық сауаттылықты дамыту» тақырыбында семинар өтті.

     Семинарға Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің 20 оқытушысы, сонымен қатар Екібастұз медициналық колледжінің, Красноармейка аграрлық-техникалық колледжінің, Павлодар технологиялық колледжінің оқытушылары, Павлодар қаласының №14 мектебінің мұғалімдері қатысты.  8 сағаттық көлемді халықаралық зерттеуге дайындықтың семинарлық сабақтарын PISA тренерлері: Ауталипова Б.Ж. және Жайкенова Б.А. өткізді.

      Семинарда оқытушыларды функционалдық сауаттандыруды бағалау мен білімін күнделікті өмірде қолдана білу жөніндегі PISA халықаралық зерттеуді өткізу мен құрылу тарихымен таныстырды. Тестілеудің мақсаты оқушылардың әлеуметте бейімделуі болып табылады. PISA зерттеуінің стратегиясы мәселені бірлесіп шешу, жаһандық құзіреттілікке (ұтқырлыққа) әкеледі. PISA зерттеуінің шеңберінде білім беру құндылықтарының нақтылығы, өмірге деген көзқарастың кеңдігі байқалады.  

      PISA тренерлері семинар қатысушыларын 2009, 2012, 2015 жылдары тестілеуден өткен Қазақстанның 15 жастағы оқушыларының халықаралық зерттеу нәтижелерімен таныстырды; сонымен қатар 2018 жылы Қазақстан PISA халықаралық зерттеуден қалай өтетінін, ағымдағы оқу жылындағы оның өту шарттарын атап өтті. Оның жаңалығы – осы жылдан бастап тапсырмалардың 79%  БОТ қолдану арқылы чатта онлайн түрінде шешіледі. Бұған білім беру ұйымдарының оқытушылары да, оқушылары да психикалық және теориялық дайын болуы керек.

         Оқытушыларға даярлық семинарда PISA халықаралық ассоциясының ұсынылған шешімдерінің мысалында, тесттік тапсырмалардың шешімінде тренерлер математикалық, жаратылыстану-ғылымдық бағыттар бойынша және оқу сауаттылығының функционалдық құзіреттілігін ашты. Тәжірибе жүзінде функционалды сауаттылықтың дамуы бойынша әр бағытты дамытудағы күтілетін нәтиже есебінен тапсырманың 3 түрлі жауабын ескере отырып стратегиясын, әдіс-тәсілдерін көрсетті:

1)    Толық құрылымды, яғни өз пікірін айту;

2)    Жауапты таңдау;

3)    Жабық құрылысды (ия/жоқ).

       Жаратылыстану-математикалық циклдің тапсырмаларының ерекшелігі – вербалды емес (таңбалық), бұған да оқушыларды даярлау керек.

       2018 жылы PISA зерттеуін өткізуде Қазақстанда алғаш рет компьютерлер мен АКТ (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар) қолданылатын болды. Оқушылар АКТ қолдана білу керек, тестілеуге психологиялық тұрғыда дайын болу керек, біліктілігі мен дағдыларын көрсете біліп,  алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана алатынын көрсету, бұл заманауи адамның функционалды сауаттылығының куәлігі тәріздес. Одан басқа, PISA халықаралық зерттеуі білім беру ұйымдарының оқушыларының, инженерлік-педагогикалық кадрлардың дайындығын, жалпы мемлекеттің өзінің әлемдік жаһандану мен алдына қойылған мәселелер мен талаптарды тез, тиімді, сауатты шеше білуде заманауи дамуының деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. 

Соңғы жаңалықтар

  • Өзімізге жанкүейерміз!
    29 Қыркүйек 2018 ж. 53

                Шымкент қаласында 7-14 қыркүейек аралығында футболдан біріншілігіне қатысқан «Ертіс 2001» футбол құрамасында Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің ДТС-21 тобының студенттері Закирьянов Данияр, Сматаев Тамерлан, Умергалиев Асылхан, Турсунханов Рахат, Кабдрашит Алихан, Килаш Темирлан бар, олар...

  • Цветаева теплоходы
    24 Қыркүйек 2018 ж. 58

             Павлодарда Цветаева апталығының аясында Н.Г.Шафер үй-музейінде Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің студенттері журналист, ақын О.Н.Григорьевамен кездесті.  Ольга Николаевна «Цветаевский теплоход» атты жаңа кітабымен таныстырды. Кітап Цветаева оқулары, Павлодар ақындары, әдебиетшілері, кітап авторының әдеби әрекеті туралы естеліктерге...

  • Денсаулық күні
    18 Қыркүйек 2018 ж. 86

             Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінде   «Біздің денсаулығымыз - өзіміздің қолымызда» ұранымен Денсаулық күні өтті. Спорттың әр түрінен шынықтыру-топтық және спорттық сайыстар, колледж спортсмендерінің байқау көрсетілімдері өтті.           Студенттер 1000м. жеңіл атлетика жүгірісінен...

  • Білім күні
    05 Қыркүйек 2018 ж. 113

            Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінде Білім күніне арналған салтанатты шара өткізілді. Салтанатты мереке барысында үздік студенттер Мемлекеттік туды көтерді. Колледж басшысы М.К.Шабамбаева жиналған қауымды мерекелерімен құттықтап, білім игеруде сәттілік тіледі. Мерекеде педагогика ғылымдарының кандидаты, Павлодар мемлекеттік...

  • Құрметті талапкерлер және ата аналар!
    27 Тамыз 2018 ж. 151

          Студенттік жатақханаларды бөлу барысының ашықтығын қамтамасыз ету және жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті Арнайы мониторингтік топтарының мүшелерімен бірлесіп қоғамдық бақылау...

  • Үздік үштік қатарында
    26 Шілде 2018 ж. 272

          Білім беру саласында үздік сапаны қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз агенттігі өткізген 2018 жылдың үздік педагогикалық колледждер Ұлттық рейтингі бойынша Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі 54,75 ұпаймен екінші орынға ие болды. Айта кету керек осы рейтингтің көш басында...