Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65
Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65

Сайттың аналитикасы

  • Бүгін
    284
  • Кеше
    255

Жаңалықтар мұрағаты

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

Сол күндердің мәртебесі ұмытылмайды..

522

        30 наурызда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73-жылдығына тойлау аясында Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінде Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Кеңес Одағының Батыры, педагогикалық училищенің түлегі Серікбай Мүткеновқе арналған Ерлік сабағы өтті.

      Іс-шараның алдында Серікбай Мүткеновтың мемориалды тақтасында митинг өткізілді. Туыстары, педагогикалық еңбек ардагерлері, оқытушылар мен студенттер педагогикалық колледжінің ғимаратында орнатылған Серікбай Мүткеновтың мемориалды тақтасына гүл шоқтарын қойды.

       Серікбай Мүткеновтың туыстары мен колледж қонақтары үшін тарих мұражайында Кеңес Одағының Батырдың соғысқа дейінгі және соғыстан кейінгі уақытындағы өмірі мен қызметі туралы материалдар ұсынылды. Мұражайда «Ұмытылмайтын ерлік» көрмесі ұйымдастырылды. 

         Ерлік сабағы  Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Кеңес Одағының Батыры, педагогикалық училищенің түлегі Серікбай Мүткеновтің есімі берілген қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудың әдістемесі кабинетінде өткізілді.

        Серікбай Мүткенов 1913 жылы Павлодар облысының Ақтоғай ауданында  дүниеге келген. 1932 жылы Павлодар педагогикалық училищесін сәтті аяқтады  . Жамбыл, Ленин, Кеңес мектептерінде ұстаз болып қызмет етті. 1942 жылы Қызыл Әскер қатарына шақырылды. 342 атқыштар полкінің батарея командирі болып, Украина аумағында фашист шабуылшыларымен майдандарда қатысты, онда ерлік көрсетті. 1944 жылдың 15 қаңтарында Серікбай Мүткенов қаза тапты. Осы кезден оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

       Кездесуде С.Мүткеновтың туыстары: С.Мүткеновтың үлкен ағасының ұлы  - Альжанов Бадғабек Сатыбайұлы, С.Мүткеновтың әпкесінің қызы -  Елтін Мәркеш Нәжмиденқызы, күйеу баласы Амангельды Қайырбаевич, Серікбай Мүткенов атындағы мұражайдың негізін қалаушы - Жұматов Ермек Сагынбаевич,  Ақтоғай ауданының Мүткенов атындағы жалпы білім беру мектебінің директоры - Абенов Осербай Кенжебаевич, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары - Намазбаева А.К., педагогикалық еңбек ардагерлер еске алды.  Кеңес Одағының Батыры Серікбай Мүткеновтің ерлігі туралы айтып берді. 1946 жылдың               15 мамырдағы СССР Жоғары Кеңесінің Президиумының Жарлығымен майданда жауынгерлік тапсырмаларды үлгілі орындағаны, неміс-фашисттік шапқыншылармен күрестегі ерлік пен батырлық көрсеткені үшін Серікбай Мүткеновке Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалін табыстаумен Кеңес Одағының Батырының атағы берілді  .

        Қонақтар өз сөздерінде Ұлы Отан соғысының майдандарында жүз мыңдай қазақстандықтар Жеңіске деген сеніммен  ерлік көрсеткендері туралы атап айтты.    Ұлы Отан соғысының батырлары туралы есімдерін ұрпақтан ұрпаққа сақтап жалғастырып отыру қажет. Колледж оқытушылары мен мұғалім мен тәрбиеші игі мамандықтарын меңгеріп жүрген студенттеріне шығармашылық табыс тіледі.

         Кеш аяғында колледж студенттері Серікбай Мүткеновтың ерлігіне арналған өздерінің өлеңдерін оқыды.

         Ол біз үшін нағыз азаматтық және жауынгерлік ерлігі мен Отанға қызмет ету мен өмірлік төзімділіктің үлгісі болып қалады.

Соңғы жаңалықтар

  • Халықаралық қатысумен атты облысты
    04 Наурыз 2019 ж. 38

    Павлодар көлік және коммуникация колледжінде "OFFICE PROFI" ақпараттық технологиялар саласындағы халықаралық қатысумен облыстық байқауы өтті. Конкурсқа Павлодар облысының колледждерінен 28 студент және Омбы қ. (Ресей Федерациясы) "Сібір кәсіптік колледжінің" студенттері қатысты. Біздің колледжден Б.М.Тулкинаның жетекшілігімен Жұмагельді Данэля (БББ-11 тобы), Елубаева...

  • Алғыс айту күні
    04 Наурыз 2019 ж. 43

    Бүгін №15 ЖОББМ Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжіннің еріктілер тобы 1 наурыз Алғыс айту күніне орай мектеп оқушыларымен ойын сауық өткізді.

  • "Құстарға көмек беріңдер" атты акция
    04 Наурыз 2019 ж. 44

    Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің ИЯ–22 және ҚТӘ–21 тобының студенттері Павлодар қаласының жағажайында "Құстарға көмек беріңдер" атты акция өткізді. Студенттер құстарды тамақтандырып, би биледі. Топтар арасында біздің қаламыздағы құстарға көмек керек екені жайлы және акцияның жиі болуы туралы шешім қабылданды....

  • For creative approach to solving problems
    28 Ақпан 2019 ж. 32

    ШТ-22 тобының студенті Динара Қуандык Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжде өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда "For creative approach to solving problems" номинациясына ие болды. Студенттердің "Мethod Say" тақырыбы бойынша жұмысы модераторлармен мақұлданды.Жетекшісі: Даниярова Г. Д.Динара Куандык

  • Ағылшын тілін оқытуда интернет ресурстарын қолдану
    27 Ақпан 2019 ж. 40

    Б. Ахметов атындағы Павлодар педагоикалық колледжінде студенттер мен оқушылар арасында өткен шетел тілінен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда ШТ-32 тобының студенті Мавленова Дана 2-дәрежелі дипломмен марапатталды. "Шетел тілін оқыту әдістемесі" секциясы. Ғылыми жұмыстың тақырыбы: "Ағылшын тілін оқытуда интернет ресурстарын қолдану". Жетекшісі: Ерохина...

  • Қазақстандағы және Канадағы білім бер
    27 Ақпан 2019 ж. 57

    Шет тілдер бөлімінің бірінші курс студенттері Сансызбай Бейбіт және Маданиев Данат мектеп оқушылары мен студенттеріне арналған xалықаралық ғылыми-практикалық конференцияға белсенді қатысқандары үшін Үшінші дәрелі Дипломмен марапатталды. Конференция Б.Аxметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінде "Қазақстандағы және Канадағы білім беру” тақырыбында өткізілді. Жетекшісі...