Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65
Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65

Сайттың аналитикасы

  • Бүгін
    195
  • Кеше
    344

Жаңалықтар мұрағаты

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

Педагогикалық мамандықтарының модульдерін зерттеу

292

      2018 жылдың 18-ші сәуір күні Новасибир облысының Карасук педагогикалық колледжінде «2025 жылға дейінгі аралықта Ресей Федерациясында тәрбие ісін дамыту стратегиясын іске асыру аясында «Мектепке дейінгі білім беру», «Бастауыш мектепте білім беру», «Дене тәрбиесі» мамандықтарының модульдерін зерттеу» тақырыбында Новосибир облысының білім беру мекемелерінің бастауыш сынып мұғалімдерінің қатысуыменоблыстық семинар өтті. Педагогикалық ынтымақтастық шеңберінде біздің колледж де осы шараға шақырылды. Колледж атынан ағылшын тілі оқытушысы Г.К. Ахметова мен ШТ-41 тобының студенті Б.Наукенова қатысты.Семинар жұмысы пленарлық бөлім мен секциялық жұмыстардан құрылып, мамандықтарға сәйкес 3 секцияда жүргізілді.

      Практикалық бөлімі өте мәнді болды. 50ден астам қатысушылар топтарға бөлініп, әрбір аудиторияда қызу жұмыс жүргізілді. Колледж оқытушылары мен студенттері қатыса отырып төрт үлкен ашық шаралар өткізілді.

       № 2  «Бастауыш мектепте білім беру» секциясында шетел тілдерінде үлкен ашық «Әлемге саяхат» атты іс-шара өтті. Осы сабақта біз №1 Нижнебаяновск ЖББ мектебінің 4 сынып оқушыларымен бірге әлемнің бес еліне сааяхатқа аттандық. Ол елдердің ішінде біздің Республикамыз Қазақстанға саяхатты колледжіміздің ШТ-41 тобы студенті Наукенова Ботагоз өткізді. Ол саяхатшы -оқушыларға біздің елеміз туралы суреттер көрсете отырыпмәліметтер берді және оқушыларға сұрақтар қойып, диалог құрастыруға көмектесті. Саяхат өте қызықты, тартымды болды. Балалар Ұлыбритания, Америка, Австарлия мен Германияға вертуалды саяхатқа өте зор қызығушылықпен аттанып, берілген тапсырмаларды да құлшына орындады.Ботагоз өзіне жүктелген тапсырманы өте жақсы атқарды, балалар оның әңгімесін өте мұқият тындап, Қазақстан туралы өздерінің білімдерін кеңейтуге мүмкіндік алды.

     Біз қатысқан екінші шара «Жеріне жаны ашығанды – жері аялайды» атты педагогикалық шеберлік сағаты болды. Бұл шараға қатысушылар топ-топқа бөлініп, 1 және 3-курс студенттерінің басшылығымен сабақта қолдануға болатын үстелүсті ойындарын құрастырды. Осы жерде Қарасук педагогикалық колледжі студенттері өздерінің топпен жұмыс істеудегі зор іскерлік пен дағдыларын көрсете алды.

      Ал рефлексия семинардың жоғары дәрежеде ұйымдастырылғанын көрсетті.Қатысушылар барлық шараларға өздерінің жоғары бағаларын беріп, семинардың өте маңызды мәні болғанын айтты. Біз өзімізге қажетті көптеген мәлімет алып, шығармашылықпен жұмыс атқарып жүрген педагогтармен, әдістемелік жаңа жұмыс формаларымен танысуға мүмкіндік алдық. Осы семинарды өткізуге белсенділікпен қатысқаны үшін Г.К. Ахметова мен Б.Наукенова алғыс хатпен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар

  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны
    18 Қаңтар 2019 ж. 14

             17-қаңтар күні Павлодар қаласының №3 және №29 ясли-балабақшасының педагогтары төртінші курстың «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту»  мамандығы бойынша білім алатын студенттерінің қатысуымен диплом алдындағы тәжірибеден өту оқу семинары төңірегінде мастер-класстар өткізді. Тәрбиешілер мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны...

  • Педагогикалық практика
    14 Қаңтар 2019 ж. 25

            Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі инновациялық өзгерістер жағдайында болашақ мұғалімдерді дайындайды. Педагогикалық тәжірибе педагогикалық колледж студенттерінің кәсіби дайындығының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. "Ертіс" телеарнасында колледж студенттерінің Павлодар қаласының Абай атындағы №10 дарынды балаларға арналған мектеп-лицей...

  • "Бастауыш мектептегі жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктері" семинары
    14 Қаңтар 2019 ж. 47

             2019 жылдың  11 қаңтарында Б. Аxметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінде Павлодар қаласының педагогикалық шеберлігі орталығы мен xимия-биология  бағыттағы Назарбаев интеллетуалды  мектебімен бірге ұйымдастырылған  "Бастауыш мектепте жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктері"  тақырыбында  оқытушыларға  тәжірибелік барысында  семинар өткізілді.Семинарды ...

  • "Қамқор" еріктілер тобы
    10 Қаңтар 2019 ж. 27

                Жастар бастамаларын дамыту орталығы Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің «Қамқор» тобына еріктілер қызметінің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.

  • Жаңа жылдық бал-маскарад
    29 Желтоқсан 2018 ж. 50

            Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің жатақханасында жаңа жылдық бал-маскарад өтті. Студенттер театрланған номерлерді, музыкалық композицияларды ұсынды,жаңа жылдық әндермен хоровод жүргізді. Сайыс, викториналар, ойындар өткізілді.

  • Жаңа жыл – ғажайыптар уақыты!
    29 Желтоқсан 2018 ж. 47

              Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің "СиЯНД" волонтерлік отряды "№4 арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты" ММ балаларына "Жаңа жыл – ғажайыптар кезеңі"жаңа жылдық шыршаның жанында театрландырылған көрініс дайындады. Ертегі кейіпкерлері-Дюймовочка, Түлкі жаңа жылдық шыршаға саяхатқа...