Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65
Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65

Сайттың аналитикасы

  • Бүгін
    280
  • Кеше
    445

Жаңалықтар мұрағаты

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

«VI Ахметов оқулары. Заманауи білім беру үдерісі: тәжірибелер, мәселелер, перспективалар» аймақаралық ғылыми-практикалық конференция.

316

       2018 жылдың 20 сәуірінде Павлодар облысының білім беру басқармасы Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің базасында «VІ Ахметов оқулары. Заманауи білім беру үдерісі: тәжірибе, мәселелер, перспективалар» аймақаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді. Конференцияның мақсаты – колледж оқытушыларымен мектеп мұғалімдерінің, мектепке дейінгі мекемелер тәрбиешілерінің заманауи білім беру мен байланысты мәселелердің өзектілігімен теориялық ой толғау, ғылыми-әдістемелік, инновациялық қызметтерін ынталандыру; ғылыми-практикалық тәжірибені анықтау және тарату, сондай-ақ мұғалімдер мен тәрбиешілердің практикалық тәжірибесін қорытындылау, теориялықесептертәжірибесіннегіздеудібілу, кәсібибағдарбойыншаоқушыларменжұмыстыжетілдіру, зерттеуұжымдарыменшығармашылықбайланыстықалыптастыру, өзарақарым-қатынастыұйымдастыру, қоғамның парасатты әлеуетін дамытудың мәселелеріне қоғамдық назарды тарту. Конференция жұмысына Павлодар облысының білім беру басқармасының өкілдері, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессорлық құрамы, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушы-профессорлық құрамы, сондай-ақ А.Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжі мен Қарасуық педагогикалық колледжі, облыс колледждері, мектеп пен мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілері қатысты.

      Конференция басында дәстүр бойынша педагогикалық колледжінің скверінде орнатылған ескерткішке педучилище түлегі(1933ж.), Ұлы Отан соғысының қатысушысы, директор (1948ж. – 1972ж.) Б.А.Ахметовтың  105 жылдығына арналған гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді. 
      «Инклюзивное развитие в Республике Казахстан» тақырыбымен  педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі Нурмагамбетова Ботагоз Амангельдиновна, «Тарихи-мәдени үрдістегі тілдік және рухани кеңістік» тақырыбымен С. Торайғыров атындағы павлодар мемлекеттік университетінің «Қазақ тілі және журналистика» кафедрасының меңгерушісі Зейнуллина Айман Файзуллаевна, «Өзін-өзі тану және тұлғаның үйлесімді дамуы» тақырыбымен «ӨРЛЕУ» тренері, әлеуметтану магисті Несипбаева Алем Жакеновна, «Мектепке дейінгі тәрбиешілердің инновациялық қызметі» баяндамасымен №120 балабақшасының әдіскері Панова Замзагуль Тлеубаевна және Ақсу қаласының №2 мектебінің мұғалімі Кабашева Жанат Каратаевна «Оқу тәрбие үдерісінде «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасын жүзеге асыру жолдары» тақырыбында баяндамаларын оқыды.
    Олардың баяндама тақырыптары «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасының аясында педагогикалық қызметке заманауи тәсілдерін жүзеге асырумен, оқыту тәжірибесіне педагогикалық инновацияларды енгізу тәжірибесімен, білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында педагогтардың қызметімен, оқыту мен тәрбиелеуде заманауи принциптер мен тәсілдерді іске асырумен байланысты; білім алушылардың зерттеу әрекеттерін жүзеге асырудың методологиялық мәселелері қарастырылды. 
       Конференцияның екінші бөлігі «Мектепке дейінгі білім беру мекмелерінде тәрбиешілердің инновациялық қызметі», «Заманауи педагогикалық технологиялар және инклюзивті оқыту – өмір қажеттілігі», «Колледж студенттерінде кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру», «Білім беру үдерісінде «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» идеяларын жүзеге асыру» бағыттары бойынша төрт тақырыптық секциялық отырыстарда педагогикалық оқулар форматында өткізілді. 
     Секция жұмысы тәрбие және білім беру саласында практикалық және инновациялық тәжірибесімен алмасу үшін алаңы болды. Секция жұмыстары аяқталысымен сараптама комиссиясының отырысы болды, мұнда модераторлар конференция жеңімпаздарымен жүлдегерлерін анықтау бойынша шешім шығарды. Барлық авторлар «VІ Ахметов оқулары» ғылыми-практикалық конференция қатысушыларының сертификатын алды. Әр секцияның жеңімпаздары Дипломға ие болды.

Соңғы жаңалықтар

  • "Өрлеу" біліктілікті арттыру
    08 Қараша 2018 ж. 42

    Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледждің ММ-31  тобының студенттері 2018ж. қазанында "Өрлеу" біліктілікті арттыру орталығында: "Жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру: жоспарлау" тақырыбында курстан өтті. Тренер Жаукенова Бибігүл Амирханова өзінің тəжірибесі мен бөлісті. Болашақ математик мұғалімдер үшін жаңарту туралы білу өте...

  • Өзімізге жанкүейерміз!
    29 Қыркүйек 2018 ж. 132

                Шымкент қаласында 7-14 қыркүейек аралығында футболдан біріншілігіне қатысқан «Ертіс 2001» футбол құрамасында Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің ДТС-21 тобының студенттері Закирьянов Данияр, Сматаев Тамерлан, Умергалиев Асылхан, Турсунханов Рахат, Кабдрашит Алихан, Килаш Темирлан бар, олар...

  • Цветаева теплоходы
    24 Қыркүйек 2018 ж. 128

             Павлодарда Цветаева апталығының аясында Н.Г.Шафер үй-музейінде Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің студенттері журналист, ақын О.Н.Григорьевамен кездесті.  Ольга Николаевна «Цветаевский теплоход» атты жаңа кітабымен таныстырды. Кітап Цветаева оқулары, Павлодар ақындары, әдебиетшілері, кітап авторының әдеби әрекеті туралы естеліктерге...

  • Денсаулық күні
    18 Қыркүйек 2018 ж. 178

             Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінде   «Біздің денсаулығымыз - өзіміздің қолымызда» ұранымен Денсаулық күні өтті. Спорттың әр түрінен шынықтыру-топтық және спорттық сайыстар, колледж спортсмендерінің байқау көрсетілімдері өтті.           Студенттер 1000м. жеңіл атлетика жүгірісінен...

  • Білім күні
    05 Қыркүйек 2018 ж. 176

            Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінде Білім күніне арналған салтанатты шара өткізілді. Салтанатты мереке барысында үздік студенттер Мемлекеттік туды көтерді. Колледж басшысы М.К.Шабамбаева жиналған қауымды мерекелерімен құттықтап, білім игеруде сәттілік тіледі. Мерекеде педагогика ғылымдарының кандидаты, Павлодар мемлекеттік...

  • Құрметті талапкерлер және ата аналар!
    27 Тамыз 2018 ж. 210

          Студенттік жатақханаларды бөлу барысының ашықтығын қамтамасыз ету және жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті Арнайы мониторингтік топтарының мүшелерімен бірлесіп қоғамдық бақылау...