Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65
Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65

Сайттың аналитикасы

  • Бүгін
    98
  • Кеше
    262

Жаңалықтар мұрағаты

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

Ғасырға жалғасқан ерлік

656

       2018 жылдың 25-сәуір күні Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінде Павлодар облысы білім беру басқармасының «Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығы» және қалалық Ауған ардагерлері кеңесімен бірлесіп Жеңіс Күні мен педагогикалық колледж түлегі, Ұлы Отан соғысының ардагері Нуркин Қабдеш Темірбайұлын еске алуға арналған әскери-қолданбалы спорт түрлерінен облыстық жарыс өтті.

      Жарыс 6 әскери-қолданбалы спорт түрінен үш кезеңде өтеді. Спорттық жарысқа Павлодар облысының колледж командалары қатысты: Павлодар бизнес колледжі, Павлодар экономика колледжі, Қазтұтыну одағының Павлодар экономика колледжі, Ақсу қара металлургия колледжі, Жаяу Мұса атындағы  Ақсу колледжі, Красноармейка аграрлы-техникалық колледжі, Павлодар түсті металлургия колледжі, Павлодар химия-механикалық колледжі, Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі. Жарыс мемлекеттік Әнұран мен Қазақстан Республикасының туын кіргізуден басталды. Жарыстың құрметті қонақтары Ұлы Отан соғысының ардагері Фалеев Ф.Д., облыстың көрнекті қоғам қайраткерлері, еңбек ардагерлері К.Пшембаев, Р.К.Бейсенбаев, жауынгер-интернационалистер Г.Г.Шарапатов, А.Н.Коновалов, Б.К.Муслимов, Б.С.Бекешев, Д.С.Абдыкалыков, Павлодар облысының ІІБ ардагерлері Н.Т.Джамбулатов, Е.К.Баяндин, қалалық маслихат депутаты В.Г.Деймут, Павлодар қ. ішкі саясатының басшысының орынбасары Е.М.Рахымжанов,  қорғаныс ісі жөніндегі Басқарма басшысының орынбасары Т.М.Қожахметов, Қабдеш Темірбайұлы Нуркиннің балалары: Жанат Қабдешұлы, Данат Қабдешұлы, Алмагүл Қабдешқызы, Қ.Т.Нуркиннің немерелері мен туыстары келді.

       Жарыс қонақтары, қатысушылары, колледж оқытушылары мен студенттері колледж мұражайындағы Қ.Т.Нуркинге арналған көрмені, Қ.Т. Нуркин атындағы «Қазақстан тарихы» кабинетінде өтетін Ерлік сабағын, Қ.Т. Нуркиннің 95 жылдығына арналған Еске алу кешін мәжіліс залында тамашалады.

        Күн жарысты қорытындылаумен аяқталды. Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің командасы әскери-қолданбалы спорт түрінен облыстық жарыснының жеңімпаздары болып, ауыспалы кубокпен марапатталды. Екінші жүлделі орынға Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі, үшінші орынға Павлодар бизнес колледжі ие болды. 

Соңғы жаңалықтар

  • «Көрме жұмысы: жаңа трендтер, жаңа идеялар»
    21 Маусым 2019 ж. 65

    Павлодар колледждерінің кітапханашылары үшін «Көрме жұмысы: жаңа трендтер, жаңа идеялар» тақырыбында педагогикалық колледж кітапханасының жетекшісі Ж. Иксатова мастер-класс өткізді.Жанар Ергалиевна кітапханада көрмелер құру ерекшеліктерін атап өтті.Көрмеде кітаптар, мерзімді басылымдардан басқа, көркемдік материал, аксессуарлар бар, тақырыпқа мән берумен байланысты және оны...

  • ИЯ-42 тобының түлегі - Исмагулова Айгерим.
    27 Мамыр 2019 ж. 138

    Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің, шет тілдер бөлімінің, ИЯ-42 тобының түлегі - Исмагулова Айгерим колледж қабырғасында алған терең білімін растайтын ағылшын тілінен IELTS емтиханын сəтті тапсырды. Жалпы ұпай --5,5. Жақын арада Айгерим Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірінде "Шет тілдері"...

  • "Сәлем жаз"
    18 Мамыр 2019 ж. 114

    Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің еріктілер тобы ЖОББМ №15 мектебінде "Сәлем жаз" мерекелік ойын сауық өткізілді, Ән, би, домбыра және қобызда колледж студенттері балалардың көңілдерін көтерді.