Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65
Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65

Сайттың аналитикасы

  • Бүгін
    200
  • Кеше
    344

Жаңалықтар мұрағаты

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

«Менің өлкем – Ертіс маңы»

360

       Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің география және химия кафедрасында Халықаралық жер күніне орай «Менің өлкем – Ертіс маңы» атты кокурсы өтті. Негізгі мақсаты - студенттердің қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту; табиғатты қорғауға, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, Табиғат - Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу; шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру болып табылады. Әділқазылар алқасы құрамында география және химия кафедрасының аға оқытушылары – Омаров М.К., Елемесов А.К., Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің география пәнінің оқытушысы Сержан М.Е. болды. Сайысқа 4 команда қатысты «Польдеры», «14 аймақ», «Виктория» және Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің «Эверест» командасы. Сайыс 4 кезеңнен тұрды: 1 кезең – «Бәйге» (тест сұрақтары), 2 кезең – «Полиглот» (оқушылар берілген нақыл сөздерде жасарын сөзді тауып, үш тілде жазуы керек еді), 3 кезең – «Kahood» (телефондағы аталмыш бағдарлама бойынша сұрақтарға жауап беру), 4 кезең – «Жорға» кезеңінде ойыншылар 3 сала бойынша тапсырмалар таңдай алады. Олар – Баянауыл ұлттық паркі, Туған қалам Павлодар және Халықаралық жер күні болды. Іс-шараның 4 кезенінің қорытындысы бойынша Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің «Виктория» командасы І орынға, Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің «Эверест» командасы ІІ орынға, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің «14 аймақ» командасы ІІІ орынға ие болды. Педагогикалық колледж намысын МДТО-21 тобының студенттері – Зейнилгабиденова Диана, Касенова Лаура және Шәріпхан Айдана қорғады. Жүлдегерлер мадақтама қағаздары мен сыйлықтармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар

  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны
    18 Қаңтар 2019 ж. 15

             17-қаңтар күні Павлодар қаласының №3 және №29 ясли-балабақшасының педагогтары төртінші курстың «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту»  мамандығы бойынша білім алатын студенттерінің қатысуымен диплом алдындағы тәжірибеден өту оқу семинары төңірегінде мастер-класстар өткізді. Тәрбиешілер мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны...

  • Педагогикалық практика
    14 Қаңтар 2019 ж. 26

            Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі инновациялық өзгерістер жағдайында болашақ мұғалімдерді дайындайды. Педагогикалық тәжірибе педагогикалық колледж студенттерінің кәсіби дайындығының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. "Ертіс" телеарнасында колледж студенттерінің Павлодар қаласының Абай атындағы №10 дарынды балаларға арналған мектеп-лицей...

  • "Бастауыш мектептегі жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктері" семинары
    14 Қаңтар 2019 ж. 48

             2019 жылдың  11 қаңтарында Б. Аxметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінде Павлодар қаласының педагогикалық шеберлігі орталығы мен xимия-биология  бағыттағы Назарбаев интеллетуалды  мектебімен бірге ұйымдастырылған  "Бастауыш мектепте жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктері"  тақырыбында  оқытушыларға  тәжірибелік барысында  семинар өткізілді.Семинарды ...

  • "Қамқор" еріктілер тобы
    10 Қаңтар 2019 ж. 28

                Жастар бастамаларын дамыту орталығы Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің «Қамқор» тобына еріктілер қызметінің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.

  • Жаңа жылдық бал-маскарад
    29 Желтоқсан 2018 ж. 51

            Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің жатақханасында жаңа жылдық бал-маскарад өтті. Студенттер театрланған номерлерді, музыкалық композицияларды ұсынды,жаңа жылдық әндермен хоровод жүргізді. Сайыс, викториналар, ойындар өткізілді.

  • Жаңа жыл – ғажайыптар уақыты!
    29 Желтоқсан 2018 ж. 48

              Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің "СиЯНД" волонтерлік отряды "№4 арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты" ММ балаларына "Жаңа жыл – ғажайыптар кезеңі"жаңа жылдық шыршаның жанында театрландырылған көрініс дайындады. Ертегі кейіпкерлері-Дюймовочка, Түлкі жаңа жылдық шыршаға саяхатқа...