Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65
Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65

Сайттың аналитикасы

  • Бүгін
    200
  • Кеше
    344

Жаңалықтар мұрағаты

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

«Дарынды балаға – талантты ұстаз» атты Республикалық педагогикалық олимпиада

558

      2018 жылдың 3-мамырдан 5-мамыр аралығында білім және ғылым Министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы Семей қаласының (Шығыс Қазақстан облысы)  М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі аясында «Дарынды балаға – талантты ұстаз» втты ХІІІ республикалық педагогикалық олимпиада өткізді.

      Шара мақсаты – жас педагогтардың шығармашылық мүмкіншіліктерін дамыту мен өзін-өзі көрсету үшін жағдай жасау; жас мамандардың білім беру жүйесін жетілдіру үшін белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру. Олимпиада мазмұны педагогикалық университеттер мен институттар студенттерінің, педагогикалық колледждердің жоғарғы курс студенттерінің арасында меңгерген педагогикалық білімдерінің деңгейі мен оларды кәсіби-педагогикалық тапсырмалар мен жағдайларда шешім қабылдауда қолдана білу, жеке тұлға болып қалыптасуының кәсіби деңгейін көрсететін сайыстық тапсырмаларды қарастырады. 

      «Дарынды балаға – талантты ұстаз» атты республикалық педагогикалық олимпиадаға Б.Ахметов атындаңы Павлодар педагогикалық колледжінің «Жасталанттар» командасы қатысты. Команда мүшелері 3 және 4 курс студенттері Қажкен Әділет, Көкен Қуандық, Хантұлы Жасыбай, Мұхамедхан Нұрдаулет, Амангелді Ақбота, Шегебаева Жанел, Келген Дария, Жұмабай Бахытгүл. Команда жетекшілері: Қоржумбаева М., Арынова Р.Е.

       Педагогикалық олимпиада қорытындысы салтанатты шарада өтті. Сайыстық сынақ нәтижесі бойынша Педагогикалық олимпиада әділ қазылары жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады, нәтижесі бойынша Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің «Жас таланттар» командасы ІІІ орынға ие болды.

Соңғы жаңалықтар

  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны
    18 Қаңтар 2019 ж. 15

             17-қаңтар күні Павлодар қаласының №3 және №29 ясли-балабақшасының педагогтары төртінші курстың «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту»  мамандығы бойынша білім алатын студенттерінің қатысуымен диплом алдындағы тәжірибеден өту оқу семинары төңірегінде мастер-класстар өткізді. Тәрбиешілер мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны...

  • Педагогикалық практика
    14 Қаңтар 2019 ж. 26

            Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі инновациялық өзгерістер жағдайында болашақ мұғалімдерді дайындайды. Педагогикалық тәжірибе педагогикалық колледж студенттерінің кәсіби дайындығының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. "Ертіс" телеарнасында колледж студенттерінің Павлодар қаласының Абай атындағы №10 дарынды балаларға арналған мектеп-лицей...

  • "Бастауыш мектептегі жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктері" семинары
    14 Қаңтар 2019 ж. 48

             2019 жылдың  11 қаңтарында Б. Аxметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінде Павлодар қаласының педагогикалық шеберлігі орталығы мен xимия-биология  бағыттағы Назарбаев интеллетуалды  мектебімен бірге ұйымдастырылған  "Бастауыш мектепте жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктері"  тақырыбында  оқытушыларға  тәжірибелік барысында  семинар өткізілді.Семинарды ...

  • "Қамқор" еріктілер тобы
    10 Қаңтар 2019 ж. 28

                Жастар бастамаларын дамыту орталығы Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің «Қамқор» тобына еріктілер қызметінің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.

  • Жаңа жылдық бал-маскарад
    29 Желтоқсан 2018 ж. 51

            Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің жатақханасында жаңа жылдық бал-маскарад өтті. Студенттер театрланған номерлерді, музыкалық композицияларды ұсынды,жаңа жылдық әндермен хоровод жүргізді. Сайыс, викториналар, ойындар өткізілді.

  • Жаңа жыл – ғажайыптар уақыты!
    29 Желтоқсан 2018 ж. 48

              Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің "СиЯНД" волонтерлік отряды "№4 арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты" ММ балаларына "Жаңа жыл – ғажайыптар кезеңі"жаңа жылдық шыршаның жанында театрландырылған көрініс дайындады. Ертегі кейіпкерлері-Дюймовочка, Түлкі жаңа жылдық шыршаға саяхатқа...