Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65
Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65

Сайттың аналитикасы

  • Бүгін
    309
  • Кеше
    312

Жаңалықтар мұрағаты

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

Соғыс батыры

458

     Ұлы Отан соғысының 73 - жылдығына орай Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің басшысы М.К.Шабамбаева және басшының орынбасары А.В.Абильтаева. Ұлы Отан соғысының қатысушысы, педагогикалық еңбек ардагері Александр Ефимович Жидковтың үйіне барды.  Ұлы Отан соғысының ардагері Жидков Александр Ефимович – Жеңіске жақындатқан жауынгерлердің бірі.

     Отставкадағы полковник Жидков Александр Ефимович 1924 жылы 29 наурызында дүниеге келген. 1942 жылдың тамыз айында Владимир пехота училищесіне әскер қатарына шақырылды.  Шабуыл Дондағы Верхний Мамон деген елді бекетінен басталды. Старобельск, Рубежное, Лесичанск, Павлоград қалаларынан өтті.  Александр Ефимович 213 Ново-Украин атқыштар дивизиясына алынды. Барлаушылар полк құрамында Украинаны, Молдавияны, Румынияны. Ясы қаласына дейін өтті. 1944 жылдың қаңтарында Кировоградта жараланды. Хировка, Знаменка қалаларында басқа жаққа ауыстыратын госпитальда емделуде болды. 1944 жылдың мамыр айында 2 Украин майданынан 2000 адам іріктеліп алынып, Орта Азияға әскери училищесіне жіберілді. Жидков Фрунзе пехота училищесіне түседі (Қырғызстан). Училищеде болғанда оған «ІІІ дәрежедегі Даңқ ордені» жіберілді, бұл оны куғын-сүргіннен құтқарды. Училищені аяқтағаннан соң Мары қаласындағы (Түркменстан) 5 механикалық дивизиясына қызметке жіберілді. 1948ж. медициналық және мандаттық комиссияларынан өткеннен соң Кострома қаласына 105 Әуе-десанттық әскеріне жіберілді. 1959ж. дивизияны Фергана қаласына (Өзбекстан) ауыстырады. 1968 жылы Александр Ефимович Павлодар аудандық военкоматқа тағайындалады. 1974 жылы Кеңес әскері қатарынан шықты. Содан кейін Павлодар педучилищесінде әскери жетекшісі қызметін демалысқа шыққанға дейін жұмыс істеді.

      Ерлігі мен батылдығы үшін Александр Ефимович «Ерлігі үшін» медалімен, «III дәрежелі Даңқ» орденімен, «ІІІ дәрежелі Отан соғысы» орденімен және мерейтой медальдарымен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар

  • ИЯ-42 тобының түлегі - Исмагулова Айгерим.
    27 Мамыр 2019 ж. 63

    Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің, шет тілдер бөлімінің, ИЯ-42 тобының түлегі - Исмагулова Айгерим колледж қабырғасында алған терең білімін растайтын ағылшын тілінен IELTS емтиханын сəтті тапсырды. Жалпы ұпай --5,5. Жақын арада Айгерим Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірінде "Шет тілдері"...

  • "Сәлем жаз"
    18 Мамыр 2019 ж. 41

    Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің еріктілер тобы ЖОББМ №15 мектебінде "Сәлем жаз" мерекелік ойын сауық өткізілді, Ән, би, домбыра және қобызда колледж студенттері балалардың көңілдерін көтерді.

  • "Мұражайдағы түн"
    17 Мамыр 2019 ж. 46

    Рухани жаңғыру бағдарламасы тұлғаның рухани адамгершілік дамуы мен қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған. Осы бағдарламаны іске асыру барысында Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің НО-12, ИЯ-12, УМ-11, МДТО-11, ДТС-21, МДТО-21, БББ-31, БББ-33, БББ-34, НО-32, ҚТӘ-41топтарының студенттері "Мұражайдағы түн" атты Потанин атындағы...

  • Колледж түлектерінің аллеясы.
    04 Мамыр 2019 ж. 39

    Колледж түлектерінің аллеясы.Ағымдағы жылғы 4 мамырда Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінде көшет отырғызу акциясы өтті.Акцияның мақсаты – өскелең ұрпаққа жақсы үлгі көрсету, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға үйретумен қатар, оларды еңбекке баулу.Аталған акцияға Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің IV курс студенттері...

  • ИЯ-42 тобының түлегі - Ибраева Аделия.
    03 Мамыр 2019 ж. 50

    Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің, шет тілдер бөлімінің, ИЯ-42 тобының түлегі - Ибраева Аделия колледж қабырғасында алған терең білімін растайтын ағылшын тілінен IELTS емтиханын сәтті тапсырды. Жалпы ұпай - 6.0. Жақын арада Аделия Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірінде «Шет...