Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65
Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65

Сайттың аналитикасы

  • Бүгін
    276
  • Кеше
    445

Жаңалықтар мұрағаты

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

«ТҰРАҚТЫ ДАМУ МҮДДЕЛЕРІНДЕҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ: ЖАҢА СЫН-ТЕГЕУРІНДЕР» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

272

     31 мамыр-1 маусым күндері Астана қаласында Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясының ұйымдастырылуымен «Тұрақты даму мүдделерінде білім беру: жаңа сын-тегеуріндер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

    Конференцияның қосымша ұйымдастырушылары ретінде Назарбаев Университеті, ЮНЕСКО-ның үздіксіз білім беру институты (UNESCOUIL, Германия), Қазан (Приволжский) Федералдық университеті (Ресей, Қазан), «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы, Гонконг білім беру университеті жанындағы ЮНЕСКО-ЮНЕВОК орталығы, Ұлттық білім беру институты (Беларусь, Минск), К.М.Аммосов атындағы Солтүстік-шығыс федералды университеті (Ресей, Якутск), «Болашақ» Халықаралық бағдарламалар орталығы, Тәжікстан білім академиясы, Сібір федералдық университеті болды.

      Конференцияның бірінші күні пленарлық отырыста конференция төрағасы– Жилбаев Жанбол Октябрұлы, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті баяндама ұсынды. Келесі сөз кезегі ҚР білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Орсариев Арын Амангелдіұлына берілді.

     Конференция барысында білім берудің мәселелері талқыланып, шетел тәжірибесі ортаға ұсынылды. Баяндамашылар өз елінің білім берудегі жаңа тегеуріндерін ортаға салды: Буше Осочковска Марлена– БҰҰ/ЕО халықаралық сарапшысы және кеңесшісі, ЮНЕСКО Штаб-пәтеріндегі Үздіксіз білім беру бойынша дүниежүзілік комитет өкілдігінің басшысы (Франция, Париж), Вербицкая Наталья Олеговна – Урал мемлекеттік орман техникалық университеті инженерлік білім беру инновациялық технологиялар орталығының басшысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор (Ресей, Екатеринбург қ.), Гаина Александру - ЮНЕСКО өмір бойы білім беру институты Ересектерге білім беру және оқыту бөлімінің қызметкері (Гамбург, Германия), Гинчук Валентина Васильевна – БеларусьРеспубликасы Білім министрлігі Ұлттық білім беру институты директорының м.а. (Беларусь, Минск), Жетписбаева Бакытгуль Асылбековна – профессор,педагогика ғылымдарының докторы,Бөкетов атындағы ҚарМУ шет тілдері факультетінің деканы (Қазақстан, Қарағанды қ.), Dr Catherine KK Chan – Гонконг Университетінің білім факультетінің профессоры (Гонконг) және т.б.

     Халықаралық конференцияның екінші күні 4 негізгі бағыт бойынша дөңгелек үстел отырыстары түрінде өтті. Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінен басшының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Абильтаева А.В. және география пәнінің оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Сержан М.Е. конференция жұмысына қатысып, өз басндамаларын ұсынды. Конференцияның негізгі бағыттары:

    Бірінші дөңгелек үстел – «Үздіксіз білім беру және жаһандық әлемнің сын-тегеуріндері» тақырыбы аясында заманның жаһандық сын-тегеуріндері және білім миссиясы, білім экономикасының жаңа талаптарын ескере отырып, білім беру жүйесін трансформациялау мәселесі, оқытудағы және оқудағы инновациялар талқыланды.

     Екінші секция – «Тұрақты даму факторы ретінде қауіпсіз білім беру ортасы» тақырыбында болды. Мұнда білім берудегі қауіпсіздік компонентін біріктіру, қауіпсіз және достықта оқыту ортасының индикаторлары, экологиялық қауіпсіздік, балаларға зорлық көрсету және оларды қатал жәбірлеудің алдын алу сынды мәселелер қарастырылды.

     Үшінші дөңгелек үстелде халықаралық еңбек нарығы және мәдениаралық коммуникацияларға арналған көптілді білім берудің жаңа қырлары, көптілді білім беру мен көпмәдени тәрбиелеудің арақатынасы, 21-ғасырдағы тілдік және коммуникативтік құзыреттердің педагогикалық өлшемдері, көптілді білім берудің ерекшеліктері және әртүрлі елдердегі көптілді білім берудің табысты практикалары туралы сөз қозғалды.

    № 4 секция – «Адам. Қоғам. Ақпараттық қоғам». Проблемалық аясы:Ақпараттық қоғам дамуының үрдістері. Ақпараттық қоғамдағы адам. Жаһандық ақпараттық инфрақұрылым жағдайындағы зияткерлік мүдделер мен білім. 21-ғасырдағы ақпараттық-білім беру ресурстары: үздіксіз білім беруге арналған жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар.

     Конференция қорытындысы бойынша электронды жинақ жасалып, барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар

  • "Өрлеу" біліктілікті арттыру
    08 Қараша 2018 ж. 42

    Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледждің ММ-31  тобының студенттері 2018ж. қазанында "Өрлеу" біліктілікті арттыру орталығында: "Жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру: жоспарлау" тақырыбында курстан өтті. Тренер Жаукенова Бибігүл Амирханова өзінің тəжірибесі мен бөлісті. Болашақ математик мұғалімдер үшін жаңарту туралы білу өте...

  • Өзімізге жанкүейерміз!
    29 Қыркүйек 2018 ж. 132

                Шымкент қаласында 7-14 қыркүейек аралығында футболдан біріншілігіне қатысқан «Ертіс 2001» футбол құрамасында Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің ДТС-21 тобының студенттері Закирьянов Данияр, Сматаев Тамерлан, Умергалиев Асылхан, Турсунханов Рахат, Кабдрашит Алихан, Килаш Темирлан бар, олар...

  • Цветаева теплоходы
    24 Қыркүйек 2018 ж. 128

             Павлодарда Цветаева апталығының аясында Н.Г.Шафер үй-музейінде Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің студенттері журналист, ақын О.Н.Григорьевамен кездесті.  Ольга Николаевна «Цветаевский теплоход» атты жаңа кітабымен таныстырды. Кітап Цветаева оқулары, Павлодар ақындары, әдебиетшілері, кітап авторының әдеби әрекеті туралы естеліктерге...

  • Денсаулық күні
    18 Қыркүйек 2018 ж. 178

             Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінде   «Біздің денсаулығымыз - өзіміздің қолымызда» ұранымен Денсаулық күні өтті. Спорттың әр түрінен шынықтыру-топтық және спорттық сайыстар, колледж спортсмендерінің байқау көрсетілімдері өтті.           Студенттер 1000м. жеңіл атлетика жүгірісінен...

  • Білім күні
    05 Қыркүйек 2018 ж. 176

            Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінде Білім күніне арналған салтанатты шара өткізілді. Салтанатты мереке барысында үздік студенттер Мемлекеттік туды көтерді. Колледж басшысы М.К.Шабамбаева жиналған қауымды мерекелерімен құттықтап, білім игеруде сәттілік тіледі. Мерекеде педагогика ғылымдарының кандидаты, Павлодар мемлекеттік...

  • Құрметті талапкерлер және ата аналар!
    27 Тамыз 2018 ж. 210

          Студенттік жатақханаларды бөлу барысының ашықтығын қамтамасыз ету және жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті Арнайы мониторингтік топтарының мүшелерімен бірлесіп қоғамдық бақылау...