Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65
Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65

Сайттың аналитикасы

  • Бүгін
    195
  • Кеше
    344

Жаңалықтар мұрағаты

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

«Көк құс» креативті лагері

300

       Тәжірибеден өту барысында әр студентке өзінің болашақ мамандығының қыр-сырын танып, өзін маман ретінде сынап көруге мүмкіншілік беріледі. Лагердегі тәлімгер ретіндегі жазғы тәжірибе  болашақ оқытушы мен тәрбиешіге балалар мен жасөспірімдердің мінезін түсінуге, ұйымдастырушылық дағдылар қалыптастыруына көмектеседі.

        Жазғы демалыс кезінде колледждің 7 студенті Ресей Федерациясының Новосібір қаласының, қала сыртындағы «Көк құс» лагерінде еңбек ақы төленетін тәжірибеден өтуде. Креативті лагерь Новосібір облысындағы орманды аймағында орналасқан. «Көк құс» лагері түрлі бағытта, жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға, балалардың интеллектуалды және физикалық қабілеттерін дамытуға жұмыс істейді.

          Тәжірибе бағдарламасын орындауда біздің колледж студенттері түрлі лингвистикалық ойындар, ақпаратты-танымдық, «Ошақ қасында» әлем танымдық сабақтар – түрлі мемлекеттерге ойындық саяхаттар, театрландырылыған қойылымдар, креативті сайыстар, құзіретті және рөлдік ойындар, интеллектуалдық және қимылдық ойындар, квесттер, спорттық ойындар, көңілді шоулар, сайыстары, байқаулар, мюзиклдер өткізді.

        Лагерь жұмысының ұйымдастыру мен негізгі кезеңдерінде балалардың шығармашылық қабілеттері мен қарым-қатынас орнату мен төзімділік қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін колледж студенттері қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған шаралар өткізді. Балалар қарым-қатынас құру нормаларын біліп қана қоймай, алған білімдерін тәжірибеде қолдана алды. «Мега-газет», «Мен өз бейнемді саламын» шығарылымдары сияқты шаралар шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған болды.

         Біздің студенттердің ойынша олар өз міндеттерімен толықтай орындап шықты: балаларға белсенді демалыс ұйымдастырып, балалардың да, өздерінің де уақыттарын пайдамен өткізді. Оларға балалармен жай ғана қарым-қатынас жасап, олармен тіл табысу, оларды түсіну ұнаған.

         Жазғы тәжірибе оқытудың пайдалы және қажетті кезеңі екенін көрсетіп, өз мамандықтарын таңдауда қателеспегенін танытты.

Соңғы жаңалықтар

  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны
    18 Қаңтар 2019 ж. 14

             17-қаңтар күні Павлодар қаласының №3 және №29 ясли-балабақшасының педагогтары төртінші курстың «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту»  мамандығы бойынша білім алатын студенттерінің қатысуымен диплом алдындағы тәжірибеден өту оқу семинары төңірегінде мастер-класстар өткізді. Тәрбиешілер мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны...

  • Педагогикалық практика
    14 Қаңтар 2019 ж. 25

            Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі инновациялық өзгерістер жағдайында болашақ мұғалімдерді дайындайды. Педагогикалық тәжірибе педагогикалық колледж студенттерінің кәсіби дайындығының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. "Ертіс" телеарнасында колледж студенттерінің Павлодар қаласының Абай атындағы №10 дарынды балаларға арналған мектеп-лицей...

  • "Бастауыш мектептегі жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктері" семинары
    14 Қаңтар 2019 ж. 47

             2019 жылдың  11 қаңтарында Б. Аxметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінде Павлодар қаласының педагогикалық шеберлігі орталығы мен xимия-биология  бағыттағы Назарбаев интеллетуалды  мектебімен бірге ұйымдастырылған  "Бастауыш мектепте жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктері"  тақырыбында  оқытушыларға  тәжірибелік барысында  семинар өткізілді.Семинарды ...

  • "Қамқор" еріктілер тобы
    10 Қаңтар 2019 ж. 27

                Жастар бастамаларын дамыту орталығы Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің «Қамқор» тобына еріктілер қызметінің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.

  • Жаңа жылдық бал-маскарад
    29 Желтоқсан 2018 ж. 50

            Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің жатақханасында жаңа жылдық бал-маскарад өтті. Студенттер театрланған номерлерді, музыкалық композицияларды ұсынды,жаңа жылдық әндермен хоровод жүргізді. Сайыс, викториналар, ойындар өткізілді.

  • Жаңа жыл – ғажайыптар уақыты!
    29 Желтоқсан 2018 ж. 47

              Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің "СиЯНД" волонтерлік отряды "№4 арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты" ММ балаларына "Жаңа жыл – ғажайыптар кезеңі"жаңа жылдық шыршаның жанында театрландырылған көрініс дайындады. Ертегі кейіпкерлері-Дюймовочка, Түлкі жаңа жылдық шыршаға саяхатқа...