Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65
Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65

Сайттың аналитикасы

  • Бүгін
    172
  • Кеше
    361

Жаңалықтар мұрағаты

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

«Ұлы ұстаз»

236

         Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінде колледждің 1938 жылғы түлегі, Социолистік еңбек ері, Қазақ КСР еңбек сіңірген мұғалімі, педагогикалық еңбек ардагері, Ақсу ауданының құрметті азаматы, 56 жыл бойы мектеп директоры болған, Мәжен Қабылбекұлының 95 жылдығына  арналған «Ұлы ұстаз» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.

          Сынып сағатымыздың төрінен орын алған қонақтар: Мәжен Қабылбекұлының шәкірті, С.Торайғыров атындағы ПМУ филология ғылымдарының докторы, қазақ тілі және журналистика кафедрасының жетекшісі, профессор- Зейнуллина А.Ф; Қанаш Камзин мектебінің директоры Канаева К.М және мұғалімдер: Батурина Т.А, Безверхова Е.И, Каиржанова С.Е. М.Қабылбекұлының атындағы орта мектебінің директоры Жабыков Ш.И және мұғалімдері: Ақылбек Кабенович, Алма Қалеловна, Жолдасбек Ергазинович; «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының «Бастауыш сынып мұғалімдерінің» әдіскері, зейнеткер педагог-Бақыт Әбілтайқызы, Қоғаммен байланыс және баспа басылымының бас маманы- Даирова А.Қ, мұражай бастығы-Алия Рақымжанқызы. 
        Сондай-ақ кешіміздің қонағы болып М.Қабылбековтың қарындастары келді. Олар: Қайныш апа, Даметкен апа, Майра апа; келіндері- Салима апа, Айтжамал Темірбековна, інісінің қыздары- Айман Еркінқызы және Шолпан Еркінқызы, әріптесі- Захарова Л.Я. 
      Ашық сынып сағатының алдында біздің қонақтарымызға митинг өткізілді. Сонымен қоса мұражайға кіріп шығуға мүмкіндік болды.  Келген қонақтар Мәжен Қабылбекулы олардын өміріне қосқан үлесі туралы айтып өтті. Мәжен Қабылбекұлының ізін қуып, оның  жарқын бейнесін біздің ортамызда жарқыратып жүрген, Мәжен атаға арнап арнау жазған Баярбек Қынбат болды. Колледжіміздің студенттері М.Қабылбекұлының өмірі мен еңбегі жайлы баяндамалар дайындап сөз сөйледі және туыстарына қосымша сұрақтар қойып көптеген мәлімет алды.

         Мәжен Қабылбекұлына арналған кеш өткізгеніміз үшін алғыс ретінде Дайырова А.К колледж кітапханасына  «Әкелік пана, аналық дана» кітабын сыйға тартты.

Соңғы жаңалықтар

  • Курстық жұмыстарды қорғау
    18 Сәуір 2019 ж. 24

    2019 жылдың 15 сəуірінде Б.Ахметова атындағы Павлодар педагогикалық колледжінде курстық жұмыстарды қорғау өтті. Шет.тілі бөлімінің студенттері ИЯ-42 тобы "Шетел тілі оқыту əдістемесі"пəні бойынша өздерінің жұмыстарын қорғап шықты. Жұмыс тілдері ағылшын тілі жəне орыс тілі болды. Курстық жұмыстың барлық тақырыптары ғылыми түрде...

  • Республикалық байқау
    18 Сәуір 2019 ж. 13

    Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің ИМ-21 және АБББ-11 тобының студенттері Қарағанды қаласында Информатика және ақпараттық технологиялар бойынша зерттеу, жобалау , өнертапкыштық , шығармашылық жұмыстардың Республикалық байқауына катысты. Жалпы конкурс II турдан тұрды. I-ші турға 6 жоба ұсынылды, соның 4 - і...

  • «Тиімді сабақ: Жоспарлау, бақылау және рефлексия»
    18 Сәуір 2019 ж. 15

    2019 жылдың 12 сәуір күні Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Тиімді сабақ: Жоспарлау, бақылау және рефлексия» атты Республикалық семинар өтті. Семинарға Нұр-Сұлтан қаласынан Ы.Алтынсарин академиясының мамандары, Павлодар қаласы және Павлодар облысынан көптеген қатысушылар болды. Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжіның ​оқытушылары Баймухамбетова Р.С.,...

  • Курстық жұмысты қорғау
    18 Сәуір 2019 ж. 15

    2019 жылы 8 сәуірде Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінде курстық жұмысты қорғауға кірісті. Өздерінің жұмыстарын қорғайтын бірінші болып «Шетел тілін оқыту әдістемесі» пәні бойынша ИЯ-42 тобының шетел бөлімшесінің студенттері болды. Көптеген курстық жұмыстарда әдістемелік құралдар дұрыс ұсынылған, және эксперименталды, тәжірибелік...

  • Ағылшын тілі курсы
    18 Сәуір 2019 ж. 17

    Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінде студенттерге арналған ағылшын тілі курсы өз жұмысын жалғастыруда. Осы курс студенттерге ауызша сөйлеу, оқылым және тыңдалым дағдыларын жаттықтыруға зор мүмкіндік береді. Әрбір сабақ түсінікті де қызықты оқу материалдарына толы. Студенттер іш пысарлық, ұзақ мәтіндермен және...

  • "Тиімді сабақ: зерттеулер мен тәжірибелер"
    18 Сәуір 2019 ж. 17

    30 наурыз күні Назарбаев Зияткерлік мектебінде "Тиімді сабақ: зерттеулер мен тәжірибелер" атты халықаралық конференция өтті. Конференцияға Нур-Султан, Семей, Павлодар қалаларынан және Павлодар облысынан 300-ден астам қатысушылар болды. Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледж атынан: Абдыкаримова Р.М., Алдабергенова А.Б., Ефимова Л.А., Саганаева...