Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65
Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65

Сайттың аналитикасы

  • Бүгін
    44
  • Кеше
    220

Жаңалықтар мұрағаты

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны

426

         17-қаңтар күні Павлодар қаласының №3 және №29 ясли-балабақшасының педагогтары төртінші курстың «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту»  мамандығы бойынша білім алатын студенттерінің қатысуымен диплом алдындағы тәжірибеден өту оқу семинары төңірегінде мастер-класстар өткізді. Тәрбиешілер мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны бойынша мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасаудың эффективті әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Студенттер №29 ясли-балабақшасының тәрбиешісі Б.С. Теміровамен бірге кіші мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін дамытуға арналған дидактикалық ойындар ойнады. Ал, №3 ясли-балабақшасының тәрбиешісі Т.А.Куцикпен сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша жұмыстар атқарды.  Студенттер №3 ясли –балабақшасының физикалық тәрбие нұсқаушысы Г.И.Пфундтпен бірге салауатты өмір салтын қалыптастырудың квест-тапсырмаларын және №29 ясли-балабақшасының нұсқаушысы А.Р. Имангалиевамен бірге балалар зумбасында жаттықты. №3 ясли-балабақшасының ән-күй жетекшісі С.И. Малышева балаларды музыкалық аспаптарда ойнауға үйретудің әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, «Қыстың дыбысы» тақырыбындағы саз сабағынан үзінді көрсетті. №29 ясли-балабақшасының тәрбиешісі Г.В.Алифова  шығармашылық тапсырмаларды орындау теориясы технологиясын қолдану арқылы балаларды сахнаға қою жұмысының ерекшеліктерімен бөлісті. №29 ясли-балабақшасының қазақ тілі оқытушысы Г.Б Илимканова балаларға қазақ тілін үйретуде синквейн әдісі арқылы қалай жұмыс жасау керектігін көрсетті.

Соңғы жаңалықтар

  • «Көрме жұмысы: жаңа трендтер, жаңа идеялар»
    21 Маусым 2019 ж. 97

    Павлодар колледждерінің кітапханашылары үшін «Көрме жұмысы: жаңа трендтер, жаңа идеялар» тақырыбында педагогикалық колледж кітапханасының жетекшісі Ж. Иксатова мастер-класс өткізді.Жанар Ергалиевна кітапханада көрмелер құру ерекшеліктерін атап өтті.Көрмеде кітаптар, мерзімді басылымдардан басқа, көркемдік материал, аксессуарлар бар, тақырыпқа мән берумен байланысты және оны...

  • ИЯ-42 тобының түлегі - Исмагулова Айгерим.
    27 Мамыр 2019 ж. 203

    Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің, шет тілдер бөлімінің, ИЯ-42 тобының түлегі - Исмагулова Айгерим колледж қабырғасында алған терең білімін растайтын ағылшын тілінен IELTS емтиханын сəтті тапсырды. Жалпы ұпай --5,5. Жақын арада Айгерим Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірінде "Шет тілдері"...

  • "Сәлем жаз"
    18 Мамыр 2019 ж. 176

    Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің еріктілер тобы ЖОББМ №15 мектебінде "Сәлем жаз" мерекелік ойын сауық өткізілді, Ән, би, домбыра және қобызда колледж студенттері балалардың көңілдерін көтерді.