Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65
Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65

Сайттың аналитикасы

  • Бүгін
    46
  • Кеше
    220

Жаңалықтар мұрағаты

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

Мейірімді істер жасайық!

280

         Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінде 11.02-12.02.19ж. күндері «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілікпен шығармашылық педагогикасы» он күндік аясында Г.А.Мешітбаева мен  ҚТӘ-21 тобының студенттері ұйымдастырған «Мейірімді істер жасайық» тақырыбында 1-2 курс студенттерінің қатысуымен «Ең үздік әлеуметтік жоба» сайысы өтті.

         Сайысқа колледждің 7 тобы қатысты. Әртүрлі тақырыптар қозғалды. МДТО-21 тобы «Қамқорлық жасайық» атты жобаларында қарттар үйіне барғандарымен қоса никотинды витаминге ауыстырайық науқандарын көрсетті. Ал БББ-11 тобы  «Мейірімділікке бастау» тақырыбында Кенжеколь ауылының балалар үйіне баруды жоспарлауын ұсынып «Алтын жүрек» номинациясына ие болды. ШТ-11 тобы экологиялық мәселені көтеріп 3 орынға ие болды. МДТО-22 тобы «Жалғыз басты аналарға қолдау көрсету» атты жобасын ұсынғанда осы мәселенің алдын алу шараларын көрсете білді және «Мейірімді жүрек» номинациясына атанды. Қоршаған ортасына шын ниетімен жақсылық, қамқорлық жасау тақырыбын ШТ-12 мен МДТО-11 топтары қозғады.

         Сайыстың мақсаты - адамдардың жүрегіне мейірімділік қасиетін ұялату болып табылады.

         Ұйымдастырушы топ шағын концерттік бағдарламасын ұсыну арқылы балалар арасында мейірімге толы достық пен сүйіспеншілік атмосферасы орын алды.

Соңғы жаңалықтар

  • «Көрме жұмысы: жаңа трендтер, жаңа идеялар»
    21 Маусым 2019 ж. 97

    Павлодар колледждерінің кітапханашылары үшін «Көрме жұмысы: жаңа трендтер, жаңа идеялар» тақырыбында педагогикалық колледж кітапханасының жетекшісі Ж. Иксатова мастер-класс өткізді.Жанар Ергалиевна кітапханада көрмелер құру ерекшеліктерін атап өтті.Көрмеде кітаптар, мерзімді басылымдардан басқа, көркемдік материал, аксессуарлар бар, тақырыпқа мән берумен байланысты және оны...

  • ИЯ-42 тобының түлегі - Исмагулова Айгерим.
    27 Мамыр 2019 ж. 203

    Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің, шет тілдер бөлімінің, ИЯ-42 тобының түлегі - Исмагулова Айгерим колледж қабырғасында алған терең білімін растайтын ағылшын тілінен IELTS емтиханын сəтті тапсырды. Жалпы ұпай --5,5. Жақын арада Айгерим Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірінде "Шет тілдері"...

  • "Сәлем жаз"
    18 Мамыр 2019 ж. 176

    Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің еріктілер тобы ЖОББМ №15 мектебінде "Сәлем жаз" мерекелік ойын сауық өткізілді, Ән, би, домбыра және қобызда колледж студенттері балалардың көңілдерін көтерді.