Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65
Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65

Сайттың аналитикасы

  • Бүгін
    300
  • Кеше
    478

Жаңалықтар мұрағаты

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

БЖБ-ТЖБ жүйесі

911

Бұрынғы баға қайда кетті?
Биыл еліміздің мектептері жаңартылған мазмұнға көшуді аяқтайды. Бұл төртінші жыл қатарынан жүргізіліп келеді, сонымен бірге оқушыларды бағалау жүйесі де өзгеруде.Әйтсе де, ата-аналар әлі күнге дейін жаңа реформаны түсіне қоймады, БЖБ мен ТЖБ көпшілікке үрей тудырып жатады.
Достар, бұл сұраққа нүкте қою керек! Критериалды бағалау не үшін енгізілгенін түсінетін уақыт жетті!Сонымен, БЖБ-бөлім бойынша жиынтық бағалау, ТЖБ –тоқсандық үшін қойылатын жиынтық бағалау. Шын мәнінде, айтып отырғанымыздың екеуі де бала меңгерген білім бойынша бақылау жұмысы. Бірақ! Түсінуіміз керек бірінші жағдай:БЖБ мен ТЖБ – біз білетін 2 мен 5 аралығындағы үйреншікті баға емес, тиісті критерийлерге негізделген оқушының материалды меңгеру көрсеткіші! Елестетіп көрейікші, үйдің суретін салу қажет, сосын сол суретті бағалау керек.Әрине, әркім белгілі-бір аргументке сүйенбей өзін жоғары бағалайды.Енді сол жұмысын критерийлер бойынша (қабаттылығы, іргетасы, терезесінің болуы) бағалау керек?Сөзсіз, бағалау өзгереді. Қорытынды: критерийлердің болуы - оқушылардың білімін нақты бағалауға мүмкіндік. Екіншіден,БЖБ, ТЖБ жүйесі баға емес, білім беруді көздейді.Қалай? Кез-келген бақылау тапсырманың төрт түрінен тұрады.Бұл дайындалып алып, жақсы есте сақтау қабілеті арқылы өтіп кете салатын тапсырма емес.Жоқ, бұл баланың кешенді білімі мен жеке қабілетін анықтайтын дүние.Жаңа жүйе балаға сабақта отырып, диктантпен құтылып, «уһ, бүгін сұрамады» деген оймен қанағаттанатын ескілікке тиым салады.Терезеге қарап ойланып кетті ме, жалқаулығы ұстады ма, демек, БЖБ кезінде бұл белгілі болады.Есін жиып, сабаққа кірісті ме–тіпті тамаша!Әлі бағасын ТЖБ сәтінде жиналып алуға мүмкіндік бар.
Үшіншіден-бағалаудың жаңа түрінде «мұғалімге жақпай қалу» деген аргумент жүрмейді.Бұдан былай ұстаз бағынатын нақты бағалау критериилері бар. Бұл талаптар оқушы мен ата-анаға қолжетімді.Олар дескрипторда көрсетіліп тұрады. Соған қарап әр баллдың не үшін қойылғанын білуге болады. Көріп отырғаныңыздай, БЖБ-ТЖБ жүйесі бағалаудың ашық тәсілі.Алдағы уақытта "Маңызды мәселе" айдары арқылы бұл тақырыпқа қайтадан ораламыз.Әзірге жазыңыз, сұраңыз

Соңғы жаңалықтар

  • «Үздік педагог -2020»
    21 Мамыр 2020 ж. 234

               Қазақстан педагогтары қауымдастығы екі номинация бойынша ұйымдастырған «Үздік педагог -2020» республикалық байқауының іріктеу кезеңінің қорытындысы шығарылды. Арнайы комиссияның шешімімен бірінші бағыттағы 8417 өтінімнің 370-і  женімпаз атанды. Портфолиода ұсынылған соңғы бес жылдағы бірінші санаттағы жетістіктердің нәтижелері бойынша еліміздің әр аймағынан...

  • Сагади Дәулетпайұлы Апаев
    07 Мамыр 2020 ж. 137

    Сагади Дәулетпайұлы Апаев - Ұлы Отан соғысының ардагері, еңбек ардагері, Вена, Будапешт қаласын басып алғаны үшін, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Оңтүстік-Батыс майданның 23-ші танк корпусының қызыл әскері. Біздің есімізде, біз мақтанамыз!

  • IELTS Халықаралық тесті
    29 Сәуір 2020 ж. 316

    2020 жылдың 22 ақпанында ИЯ-42 тобының студенттері Баймухаметова Саяна мен Мавленова Дана 6.5 және 7.5 баллдарымен IELTS халықаралық тестін тапсырды. ИЯ-42 тобының студенті Алиева Милана IELTS 3 ақпанда 5,5 нәтижемен тапсырды. Емтихан екі кезеңнен өтті – бірінші күн 3 бөлімнен...

  • «Қалаларды өзгертетін идеялар»
    27 Сәуір 2020 ж. 215

    Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледж 2020 жылдың 13-25 сәуір аралығында студенттері арасында «Қалаларды өзгертетін идеялар» онлайн байқауын өткізді.Байқаудың мақсаты студенттердің ең біріккен шығармашылық топтарын анықтау, сонымен қатар білім алушылардың беделін, зияткерлік және шығармашылық әлеуетін арттыру болды.Барлық ұсынылған жазбалар өздерінің жаңашылдығымен,...