Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65
Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65

Сайттың аналитикасы

  • Бүгін
    80
  • Кеше
    507

Жаңалықтар мұрағаты

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

9 мамыр – Ұлы Отан соғысының Жеңіс күні, ең маңызды, әсерлі және даңқты мейрамдардың бірі.

669

Ұлы Жеңіске 75 жыл толу мейрамының қарсаңында, Павлодар облыстық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы - Гульбарам Ауэзханқызы Науразбаева және колледж басшысы Мираш Камзенқызы Шабамбаева Кеңес Одағының Батыры Каирбаев Махмет Каирбайұлының жұбайы, педагогикалық қызмет ардагері, тыл еңбеккері Амирова Сабира Амирқызын құттықтауға барды.

Ұлы Отан соғысы кезінде ерлік көрсеткендер қатарынан Кеңес Одағының Батыры Каирбаев Махмет Каирбайұлының есімін зор мақтанышпен айтуға болады.

Махмет Каирбайұлы Литваның Шяуляй қаласына бағытталған 30 неміс танкінің жолын бөгеп, 20 жасқа қараған шағында Кеңес Одағының Батыры атағын алды.

Полковник М. Каирбаевтың есімі Семей қаласының № 28738 әскери бөлімінің бірінші дивизиясы, бірінші батареясының мәңгілік тізіміне енгізілді. Оған арналып Мәңгілік алау жанындағы батырлар алаңында ескерткіш қойылған, оның есімімен Вильнюс, Шяуляй, Павлодар қалаларының көшелері аталады. Ақтоғай ауылының мектебі мен көшесіне М.Каирбаевтың есімі берілді. Батырдың тұрған үйі, Павлодар қаласы 29 ноябрь көшесі 14-үйде, ардагердің портреті салынған мемориалдық тақта орналастырылды. Кеңес Одағының Батыры Каирбаев Махмет Каирбайұлының жауынгерлік ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Махмет Каирбайұлы біздің жадымызда шынайы және дарынды басшы, батыл және мейірімді адам ретінде қалады.

Амирова Сабира Амирқызы – тыл еңбеккері. Балалық шағынан бастап үлкен адмдармен бірдей еңбектене бастады. Оның жұмысы ол кезде нағыз ерлік болып саналды. Өзінің еңбегімен күрескерлерге артқа шегінбей, тек жеңіске ұмтылуға күш-жігер береді. Сабира Амирқызы колледж оқытушылары мен асыл мамандықтың бірі, мұғалім мен тәрбиеші мамандығын, меңгеріп жатқан білім алушыларға шығармашылықта табыс, бақыт және ашық аспан тілейді.

Гульбарам Ауэзханқызы және Мираш Камзенқызы Сабира Амирқызына алғыс сөздерін айтып, гүл шоқтары мен бағалы сыйлықтарын табыстады.

Махмет Каирбайұлы Каирбаев және Сабира Амирқызы Амированың жауынгерлік және қиын ерліктері ешқашан ұмытылмайды.

Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы , Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжі.

WhatsApp Image 2020-05-08 at 10.29.52 (1) WhatsApp Image 2020-05-08 at 10.29.52 WhatsApp Image 2020-05-08 at 10.29.54 WhatsApp Image 2020-05-08 at 10.29.53

 

Соңғы жаңалықтар

  • «Ustaz tilegi»
    17 Қараша 2020 ж. 69

    «Ustaz tilegi» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында музыка пәні бойынша онлайн олимпиаданы өткізді . Олимпиадаға БББ 42 тобының студенттері Сапарова Камила мен Қайырбаева Жамила, БББ 41 тобының студенттері Тоқтарова Орынбасар, Баранбай Әйгерім және Баранбай...

  • «Ustaz tilegi»
    17 Қараша 2020 ж. 31

    2020 жылдың 13 қарашасында "Ustaz tilegi" республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында онлайн олимпиада өткізді . Колледжден БББ 42 тобының студенті Қайырбаева Жамила қатысты.Олимпиада қорытындысы бойынша Қайырбаева Жәмила 3 жүлделі орынға ие болды. Студенттің жетістіктері...

  • «Ustaz tilegi»
    07 Қараша 2020 ж. 58

    2020 жылдың 07 қарашасында "Ustaz tilegi" республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында Бейнелеу өнері пәні бойынша онлайн конкурс өткізді. Колледжден БББ 41 тобының студенті Жамила Қайырбаева қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Жамила Қайырбаева 2 жүлделі орынға...

  • Қамқоршылық кеңестің отыры
    04 Қараша 2020 ж. 35

    Қарашаның 4-ші күні Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің Қамқоршылық Кеңестің отырысы өткізілді. Биылғы оқу жылының Қамқоршылық Кеңестің құрамы бекітілді. Қамқоршылық Кеңестің төрағасы және хатшысы сайланды.Қамқоршылық Кеңестің төрағасы болып М.М. Айтбаева және хатшысы Т.Б.Ибраева сайланды.Отырыс онлайн режимінде өткізілді.

  • Тілдер апталығы
    28 Қыркүйек 2020 ж. 176

    Тілдер апталығы 2020 жылдың  21-26 қыркүегі аралығында  Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде  тілдер апталығы өтті  «Тілім менің тірлігімнің айғағы» тақырыбында атты  тілдер  апталығының Мақсаты: Тіл – ұлттың мақтанышы, тірегі, жүрегі екендігіне кең түсінік бере отырып, студенттерді  елжандылыққа, туған тілін құрметтеуге,...