Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65
Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65

Сайттың аналитикасы

  • Бүгін
    91
  • Кеше
    507

Жаңалықтар мұрағаты

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

"Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің ресурстық орталығының жұмысын әдістемелік сүйемелдеу"

67

2020-2021 оқу жылы педагогикалық колледж базасында мектепке дейінгі білім беру педагог кадрларының біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында аймақтың мектепке дейінгі ұйымдарына оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ресурстық орталығы өз жұмысын бастады.

2020 жылдың 10 қарашасында онлайн режимінде мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен педагогтары білім беруді дамытудың Инновациялық орталығы біріге отырып "Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің ресурстық орталығының жұмысын әдістемелік сүйемелдеу" тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар колледж бойынша виртуалды экскурсия өткізуден басталды. Семинар барысында колледж базасында ашылып жатқан ресурстық орталықтың мақсат, міндеттері, ұйымдастырушылық жұмыстары жайлы сұрақтар қарастырылды.

Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде ресурстық орталықтың жоспары мен даму перспективасы жайында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің меңгерушісі Саулет Бултуруковна Жанғазинова баяндап берді. Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскері Серікбаева Ләззат Сайлаубайқызы ресурстық орталықтың әдістемелік қолдау бағыттары және мектепке дейінгі білім беру педагог кадрларының біліктілгін арттыруды қамтамасыз ету шарттары жайлы атап өтті. Мектепке дейінгі ұйымның әлеуметтік серіктестіктің өзара әрекеттестігі, педагогикалық колледжбен бірлесе отырып болашақ тәрбиешілерді практикадан өткізу орынын ұсыну туралы Павлодар қаласының мемлекеттік тілде оқытатын этномәдени тәрбие орталығы-№120 бөбекжай-балабақшасы МКҚК басшысы Мақан Айгүл Еділқызы тәжірибесімен бөлісті. Осы колледждің түлегі Шарбақты ауылы гиназиялық сыныптары бар ЖОМ-нің мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Ермоленко Екатерина Александровна «Менің кәсіби қалыптасуым және менің педагогикалық тәжірибем» тақырыбында ойын бөлісіп, колледж ұстаздарына өз алғысын білдірді.

Қорыта келгенде ресурстық орталықтың өз уақытында, заман талабына сай кәсіби бейіндік біліктілікті жою мақсатында ашылып отырғандығы атап өтілді.

WhatsApp Image 2020-11-10 at 21.28.13WhatsApp Image 2020-11-10 at 21.28.15WhatsApp Image 2020-11-10 at 21.28.15 (1)WhatsApp Image 2020-11-10 at 21.28.15 (2)WhatsApp Image 2020-11-10 at 21.28.16WhatsApp Image 2020-11-10 at 21.28.17WhatsApp Image 2020-11-10 at 21.28.17 (1)

Соңғы жаңалықтар

  • «Ustaz tilegi»
    17 Қараша 2020 ж. 69

    «Ustaz tilegi» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында музыка пәні бойынша онлайн олимпиаданы өткізді . Олимпиадаға БББ 42 тобының студенттері Сапарова Камила мен Қайырбаева Жамила, БББ 41 тобының студенттері Тоқтарова Орынбасар, Баранбай Әйгерім және Баранбай...

  • «Ustaz tilegi»
    17 Қараша 2020 ж. 31

    2020 жылдың 13 қарашасында "Ustaz tilegi" республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында онлайн олимпиада өткізді . Колледжден БББ 42 тобының студенті Қайырбаева Жамила қатысты.Олимпиада қорытындысы бойынша Қайырбаева Жәмила 3 жүлделі орынға ие болды. Студенттің жетістіктері...

  • «Ustaz tilegi»
    07 Қараша 2020 ж. 59

    2020 жылдың 07 қарашасында "Ustaz tilegi" республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында Бейнелеу өнері пәні бойынша онлайн конкурс өткізді. Колледжден БББ 41 тобының студенті Жамила Қайырбаева қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Жамила Қайырбаева 2 жүлделі орынға...

  • Қамқоршылық кеңестің отыры
    04 Қараша 2020 ж. 36

    Қарашаның 4-ші күні Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің Қамқоршылық Кеңестің отырысы өткізілді. Биылғы оқу жылының Қамқоршылық Кеңестің құрамы бекітілді. Қамқоршылық Кеңестің төрағасы және хатшысы сайланды.Қамқоршылық Кеңестің төрағасы болып М.М. Айтбаева және хатшысы Т.Б.Ибраева сайланды.Отырыс онлайн режимінде өткізілді.

  • Тілдер апталығы
    28 Қыркүйек 2020 ж. 176

    Тілдер апталығы 2020 жылдың  21-26 қыркүегі аралығында  Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде  тілдер апталығы өтті  «Тілім менің тірлігімнің айғағы» тақырыбында атты  тілдер  апталығының Мақсаты: Тіл – ұлттың мақтанышы, тірегі, жүрегі екендігіне кең түсінік бере отырып, студенттерді  елжандылыққа, туған тілін құрметтеуге,...