Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65
Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65

Сайттың аналитикасы

  • Бүгін
    276
  • Кеше
    445

Жаңалықтар мұрағаты

Сұрақ қою

НҰРСЕЙІТОВ АСЫЛЖАН СЕРІКҰЛЫ

17.07.2018 13:58:11

Салеметсіздер ме? Сіздерде биылғы жылы ағылшын мұғалімі оқуы бар ма? Серпін бағдарламасы бойынша грантқа түсе аламынба?

ЖауапСәлеметсіз бе, Асылжан Серікұлы! 2018-2019 оқу жылында колледжде 9-сынып негізінде қазақ тілінде оқытылатын «Бастауыш сыныпта білім беру» мамандығы «Ағылшын тілі мұғалімі» біліктілігі және «Негізгі орта білім беру» мамандығы «Ағылшын тілі мұғалімі» біліктілігі бойынша мемлекеттік тапсырыс болады. Колледж талапкерлерінен күндізгі оқу бөліміне өтініштері 2018 жылдың 20-маусымынан 20-тамыр аралығында қабылданады. 9-сынып негізінде оқыту мерзімі 3 жыл 10 айға жалғасады. 9-сынып негізінде қабылдау емтиханы екі пәннен: оқыту тілі: (қазақ тілі/орыс тілі) және негізгі орта білім берудің оқыту бағдарламасы көлеміндегі ағылшын тілінен жүргізіледі. 9-сынып негізінде байқауға қатысудың өту ұпайы 25 баллды құрайды. Емтихандар тамыз айында өтеді. Колледжде оқуға қабылдау өтінішімен бірге білім туралы құжаттың түпнұсқасы, флюробейне қосымшасы бар №086-У формасындағы медициналық анықтама (І және ІІ топ мүгедектері мен балалық кезден мүгедектерге – медика-әлеуметтік сараптама қорытындысы), 3х4 өлшемді 4 фотосурет керек. Оқуға түсушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, төлқұжат немесе туу туралы куәлік), өзі, ата-анасы немесе заңды өкілдер көрсету керек. Шет елдік және азаматтығы жоқ тұлғалар тұрғылықты жерге тіркелген белгісі бар, жағдайын анықтайтын құжатты көрсетеді: 1) Шет елдік – Қазақстан Республикасындағы шет елдіктің мекендеу қағазы; 2) Азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәілігі; 3) Босқын – босқынның куәлігі; 4) Баспана іздеген тұлға – баспана іздеген тұлғаның куәлігі; 5) оралман –оралман куәлігі.