Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65
Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65

Сайттың аналитикасы

  • Бүгін
    430
  • Кеше
    419

Жаңалықтар мұрағаты

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

«VIІІ Ахметов оқулары. Заманауи білім беру үдерісі: тәжірибелер, мәселелер, перспективалар»

2711

Мектепке дейінгі жастағы балаларды, мектеп жасындағы оқушыларды, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттерін тәрбиелеу және оқыту бойынша білім берушілердің  озық педагогикалық  тәжірибесін анықтау, жалпылау және жариялау мақсатында 2021 жылғы сәуірдің 23-і күні  Бейсен Ахметов  атындағы жоғары педагогикалық колледжінің базасында  Павлодар облысы білім беру басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті қолдауымен   «VIІІ Ахметов оқулары. Заманауи білім беру үдерісі: тәжірибелер, мәселелер, перспективалар» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибешілік конференция өтті.

Конференция жұмысына  Қазақстан, Ресей  (Санкт-Петербург), Беларусия  (Минск) және  Монголия мемлекеттерінен 306 мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілері, мектеп мұғалімдері , колледж оқытушылары тіркелді.  Олардың 118-сі  Zoom платформасы арқылы онлайн қатысуға ниет білдірді.

Конференция  жұмысы педагогикалық оқу форматында келесі үш тақырыптық секция бойынша өтті: «Жаңартылған бағдарлама аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру», «Инклюзивті білім беруді жалпы білім беру үрдісіне енгізу мәселелері», «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы:  "Тәуелсіздік бәрінен қымбат"»

Секциялар жұмысы білім беру және тәрбиелеу саласында жаңашыл тәжірибемен  алмасу алаңына айналды.

Павлодар, Алматы қалаларының жоғары оқу орындарының  өкілдері мен Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің әлеуметтік серіктері конференция жұмысының модераторлары болып шақырылды.

Конференция қорытындысы бойынша келесі қатысушылар жеңімпаз атанды:

I Секция. Жаңартылған бағдарлама аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру

1 орын:  Ахметова Гульмира Кабатаевна, Б. Ахметов атындағы жоғары  педагогикалық колледжінің ағылшын тілі оқытушысы, Павлодар қ.; Халилов Канат Турсынбаевич,  Алматы экономикалық колледжінің оқытушысы, Алматы қаласы.

2 орын: Калабаева Гульжамал КалдыбековнаТөлепберген Сымбат  Қаржаубаевна Алматы экономикалық колледжінің математика пәні оқытушылары,  Алматы қ.; Аймұрат Ерсұлтан Жаңабайұлы, Aқжaр жaлпы oртa білім беру мектебінің инфoрмaтикa пәні мұғaлімі, Мaй aудaны;  Смагулова Дидар Бактыбековна, Успенка аграрлы-техникалық колледжінің биология пәнінің оқытушысы, Успенка а..; Кажибаева Динара Кенесовна, Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы, Павлодар қ.

3 орын: Карымсакова Гульжихан Сатановна, №30 сәбилер бақша тәрбиеші, Павлодар қ.;  Жубаева Шолпан Кабдрашитовна, Екібастұз қаласының №16 ЖОББМ математика пәнінің мұғалімі; Мустафина Жанара Хасановна Павлодар қаласының №3 сәбилер бақшасы – Мектепке дейінгі экоцентр орталығының қазақ тілі мұғалімі; Муратхожина Елена Владимировна, №9 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының директорының орынбасары және Зрюкина Елена Михайловна, № 9 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының мұғалімі, Павлодар қаласы

ІІ Секция. Инклюзивті білім беруді жалпы білім беру үрдісіне енгізу мәселелері

1 орын: Амергалиева  Асель Ерганатовна,  Павлодар монтаж колледжінің арнайы пәндер оқытушысы  және Кабдельманова  Эльмира Фазил-кызы, Павлодар монтаж колледжінің информатика пәні оқытушысы, Павлодар қ.; Панкова  Татьяна Васильевна, Екібастұз қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектептің  директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.

2 орын: Марилова  Светлана Александровна, №96 бөбекжай-балабақшасының психологы, Павлодар қаласы;  Зилькенов  Саниял ОразбаевичКөктөбе жалпы орта білім беретін мектептің  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Май ауданы;  Жакупов  Марат Омарович, Успен ауданының Белоусовка жалпы орта білім беру мектебінің тарих және география мұғалімі;  Романова  Екатерина Юрьевна, № 82 арнайы бөбекжай-балабақшасының ағылшын тілі мұғалімі, Павлодар қ.

3 орын: Ниязова  Светлана Леоновна, № 96 бөбекжай-балабақшасының  «Радуга» гармоникалық даму орталығының логопедң Павлодар қаласы;  Березовская  Наталья Олеговна, №49 санаторлық бөбекжай-балабақшасының педагог-психологы, Павлодар қаласы; Атласевич  Светлана Михайловна, №17 бөбекжай-балабақшасының педагог – психологы, Павлодар қаласы; Рустемханова  Айгерим Сериковна, Ақсу қаласының №18 сәбилер бақшасының педагог- психологі; Тенизова Ольга Вилорьевна, Ақпараттық технологиялар колледжінің оқытушысы, Павлодар қаласы.

IIІ Секция. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: «Тәуелсіздік бәрінен қымбат»

1 орын: Болатбаева Енгилик Талгатовна, Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы, Павлодар қаласы; Мұқанов Төлеуғазы Камалұлы, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж  оқытушысы,  Семей қ., ШҚО.  

2 орын: Жузбаева Бахыткуль Алимхановна, Алматы экономикалық колледжінің оқытушысы, Алматы қ.; Ауыт Хуатбек, Достық орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі, Ақсу қаласы;  Рахметова Айгуль Ермековна, Екібастұз медициналық колледжінің тарих және әлеуметтік –саяси пәндер оқытушысы, Екібастұз қ.; Мүтан Ардақ Мүтанқызы, Ақжар жалпы орта білім беру мектебінің тарих пәні мұғалімі, Май ауданы.

3 орын: Дүйсен Айдана Ерсаинқызы, «Ertis» Жоғары инновациялық аграрлық колледжінің оқытушысы, Кемеңгер ауылы, Павлодар ауданы,; Алейникова Лидия Сергеевна және  Веселова Валентина Николаевна, №96 бөбекжай-балабақшасының тәрбиешілері; Кожокар Виталий Александрович,  Дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің  ақпараттандыру жөніндегі директордың орынбасары, Павлодар қаласы, Тулкина Гульжанат Ертаевна, Қазан жалпы орта білім беру мектебінің  «Гүлдер» шағын орталығының мұғалімі, Май ауданы.  

Барлық авторлар «VIІІ Ахметов оқулары» ғылыми-тәжірибелік конференция қатысушылары  сертификатына ие болып, әр секция жеңімпаздары Дипломдармен марапатталды.

WhatsApp Image 2021-04-23 at 20.06.40

WhatsApp Image 2021-04-23 at 20.06.42

WhatsApp Image 2021-04-23 at 20.06.43

WhatsApp Image 2021-04-23 at 20.06.44 (2)

WhatsApp Image 2021-04-23 at 20.06.45

 

 

Соңғы жаңалықтар

  • «Жас дарын» 9-сынып оқушыларымен кездесу.
    17 Маусым 2021 ж. 3014

    «Жас дарын» мамандандырылған мектеп базасында оффлайн режимде 9 сынып оқушыларымен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың жаңа қағидаларын түсіндіру бойынша кездесу өтті. Басшының орынбасары Ж.Б.Балтабаев оқушыларды қабылдау ережелерімен, "Smartnation"...

  • «Smartnation» платформасына кіріспе.
    17 Маусым 2021 ж. 3255

    Колледж базасында оффлайн режимде Павлодар қ. №7 ЖОМ оқушыларымен және олардың заңды өкілдерімен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың жаңа қағидаларын түсіндіру бойынша кездесу өткізілді.  Басшының орынбасары Ж.Б.Балтабаев оқушыларды...

  • Назар аударыңыз!
    15 Маусым 2021 ж. 2266

    25 маусымнан бастап талапкерлерден техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік тапсырысы бойынша орындар беру конкурсына өтініштер қабылдау басталады.Талапкерлер үш әдіспен өтініш бере алады: eGov.kz электронды үкімет порталы, SmartNation порталы (college.snation.kz) арқылы және, техникалық және кәсіптік, орта білімнен...

  • Ауылдағы демалыс
    09 Маусым 2021 ж. 2170

    Маусымның 9 күні «Шабыт» театр студиясы мүшелері «Мисюська или каникулы в ауле» аты спектакль қойды. Қойылымда келесі студенттер өз өнерін көрсетті: Рахметова Карина, Романенко Анастасия, Каржаспаева Алина, Мамизеров Владислав и Щербина Ангелина.  Театр студиясының жетекшісі Жексембаева Карлыгаш Канапияқызы, Ж.Аймауытов ат.облыстық...

  • Қауіпсіздік сабағы
    08 Маусым 2021 ж. 2844

    Қауіпсіздік сабағы.   3 маусым күні колледжде 1 курс студенттері үшін «Демалыс уақытында студенттердің тәртіп ережелері» тақырыбында семинар өтті.    Мәжіліс залында студенттер алдында «Павлодар облысы ТЖ Департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Е.С.Аккузинов...