Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65
Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65

Сайттың аналитикасы

  • Бүгін
    430
  • Кеше
    419

Жаңалықтар мұрағаты

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

WORLDSKILLS РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫНДАЛУДАМЫЗ

2728

  

WORLDSKILLS РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫНДАЛУДАМЫЗ
2021 жылғы 27 сәуір күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжімен бірлесіп, «Бастауыш сыныптардағы білім беру» құзыреттілігі бойынша WorldSkills республикалық чемпионатына дайындық шеңберінде жалпы кәсіптік және арнайы модуль пәндері бойынша колледж оқытушыларына, «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша колледж студенттеріне арналған «Бастауыш сынып оқушыларын қашықтықтан оқыту жағдайындағы сабақ: әзірлеу, әдістемелік сүйемелдеу, өткізу» тақырыбында шеберлік сағатын ұйымдастырды.
Павлодар қ. №9 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімдері тәжірибелерімен бөлісті. Елена Валерьевна Проскурина орыс тілі сабағын, Елена Васильевна Пфейфер жаратылыстану, Елена Анатольевна Андрусь математика онлайн-сабағын өткізді.
Мұғалімдер сабақтарға толық талдау жасады: әзірлеу спецификасы, сабақтың әдістемелік сүйемелдеуін құру ерекшеліктеріне тоқталды. Сонымен қатар, мұғалімдер түрлі бағдарламаларды және Интернет-ресурстарды пайдалану нұсқаларымен таныстырып, қолданысын көрсетті.
Қатысушылар:
- білім алушылардың бірлескен қызметін ұйымдастыру жолдары;
- оларды жетістікке қалай ынталандыруға болады; сабақтардағы оқу қызметін асинхронды және сонхронды форматта ұйымдастыру тәсілдері;
- кері байланысты ұйымдастырып, білім алушыларға бастауыш мектеп пәндері бойынша сапалы білім алуға мүмкіндік беретін цифрлық құралдар;
- мұғалім және білім алушы жұмысын оңтайландыру жолдары сияқты көптеген қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Шеберлік сағатының қатысушылары бір-бірімен белсенді қарым-қатынасқа түсіп, сұрақтар қойып, кері байланыс ұсынды. Қызметтестік және жаңа нысандарды игеруге деген оң көзқарас педагогтер мен студенттерге жаңа білімдермен қаруланып, сындарлы диалог орнату және жағымды қарым-қатынас алу мүмкіндіктерін берді.

Соңғы жаңалықтар

  • «Жас дарын» 9-сынып оқушыларымен кездесу.
    17 Маусым 2021 ж. 3014

    «Жас дарын» мамандандырылған мектеп базасында оффлайн режимде 9 сынып оқушыларымен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың жаңа қағидаларын түсіндіру бойынша кездесу өтті. Басшының орынбасары Ж.Б.Балтабаев оқушыларды қабылдау ережелерімен, "Smartnation"...

  • «Smartnation» платформасына кіріспе.
    17 Маусым 2021 ж. 3255

    Колледж базасында оффлайн режимде Павлодар қ. №7 ЖОМ оқушыларымен және олардың заңды өкілдерімен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың жаңа қағидаларын түсіндіру бойынша кездесу өткізілді.  Басшының орынбасары Ж.Б.Балтабаев оқушыларды...

  • Назар аударыңыз!
    15 Маусым 2021 ж. 2266

    25 маусымнан бастап талапкерлерден техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік тапсырысы бойынша орындар беру конкурсына өтініштер қабылдау басталады.Талапкерлер үш әдіспен өтініш бере алады: eGov.kz электронды үкімет порталы, SmartNation порталы (college.snation.kz) арқылы және, техникалық және кәсіптік, орта білімнен...

  • Ауылдағы демалыс
    09 Маусым 2021 ж. 2170

    Маусымның 9 күні «Шабыт» театр студиясы мүшелері «Мисюська или каникулы в ауле» аты спектакль қойды. Қойылымда келесі студенттер өз өнерін көрсетті: Рахметова Карина, Романенко Анастасия, Каржаспаева Алина, Мамизеров Владислав и Щербина Ангелина.  Театр студиясының жетекшісі Жексембаева Карлыгаш Канапияқызы, Ж.Аймауытов ат.облыстық...

  • Қауіпсіздік сабағы
    08 Маусым 2021 ж. 2844

    Қауіпсіздік сабағы.   3 маусым күні колледжде 1 курс студенттері үшін «Демалыс уақытында студенттердің тәртіп ережелері» тақырыбында семинар өтті.    Мәжіліс залында студенттер алдында «Павлодар облысы ТЖ Департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Е.С.Аккузинов...