Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65
Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65

Сайттың аналитикасы

  • Бүгін
    279
  • Кеше
    366

Жаңалықтар мұрағаты

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

«Ыбырай– ұлы ұстаз»

3056

2021 жылғы 18 наурызында Семей қаласының КМҚК М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің бастауымен «STARTUP – 2021: айтулы тұлғалар, атаулы күндер» аясында Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Ыбырай– ұлы ұстаз» тақырыбында Республикалық диалогтық алаңы ұйымдастырылды.
Елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр алған Ыбырай Алтынсариннің мұрасын табысты жаңғырудың маңызды алғышарттары талқыланды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының ережелерін іске асыру шеңберінде Ыбырай Алтынсариннің шығармашылық мұрасын зерттеудің және педагогикалық ғылымдар саласында оқу процесін модернизациялаудың өзекті мәселелері қарастырылды.
Бұл диалогтік алаңға Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледж тарапынан «Қоғамдық пәндер негіздерінің» циклдік комиссиясы мен колледж студенттері белесене қатысып, тарих және қоғамтану оқытушы Айжан Нарыновна Канафина өз тәжірибесімен бөлісті.
Барлық қатысушыларға сертификаттар мен алғыс хаттар табысталды.

333333-1

33333-2

Соңғы жаңалықтар

  • «Колледжде ресурстық орталық құру және дамыту перспективалары»
    15 Сәуір 2021 ж. 3591

    2021 жылдың 15-ші сәуірінде Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжі Павлодар облысының білім беруді дамытудың инновациялық орталығымен бірлесе отырып «Колледжде ресурстық орталық құру және дамыту перспективалары» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға облыстың барлық аудандары мен ауылдарының мектепке дейінгі ұйымдарының басшылары мен әдіскерлері...

  • “Білім сапасына ойын технологиялары"
    05 Сәуір 2021 ж. 2543

    Бүгін Павлодар қаласының 29 балабақша педагогтарының қатысуымен Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледж студенттеріне арналған “Білім сапасына ойын технологиялары"  тақырыбындағы ZOOM  платформасында онлайн семинар-практикум өтті. К.З.Каиррбекова, А. Т. Хасиетова, Е.Ф.Негруцак, Ж.Ж.Сушенова, З.Ж.Кузьгова, Т.С. Ханзиева педагогтар студенттерге балалармен жұмыс істеуге арналған авторлық...

  • Ағылшын тілін оқытудың интерактивті әдістері
    01 Сәуір 2021 ж. 2679

    Шет тілі мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжі Павлодар облысының білім беруді дамытудың инновациялық орталығымен бірлесіп ағылшын тілін оқытуда тәжірибе алмасу мақсатында 2021 жылғы 31 наурызында жалпы білім беретін білім беру ұйымдарының ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған...