Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65
Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65

Сайттың аналитикасы

  • Бүгін
    278
  • Кеше
    366

Жаңалықтар мұрағаты

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

«Павлодар педагогикалық университеті» КЕАҚ базасында «Альфа-буын педагогтерін даярлауға арналған аймақтық ғылыми-білім беру кластері» жобасының таныстырылуы

5154

Бүгін «Павлодар педагогикалық университеті» КЕАҚ базасында «Альфа-буын педагогтерін даярлауға арналған аймақтық ғылыми-білім беру кластері» жобасының таныстырылымы өтті. Оған Павлодар педагогикалық университетінің басшылығы және профессор-оқытушылар құрамымен қатар, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко қатысты.
Өңірлік ғылыми-білім беру кластерін құрудың негізгі мақсаты – альфа-буын мұғалімдерін даярлауға арналған аймақтық ғылыми-білім беру кластерін құру негізінде педагогикалық білім сапасын арттыру болып табылады. Бағдарламаны іске асыру уақыты 2021-2024 жылдарға жоспарланып отыр.
Жоба оқу және зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында ғылыми зертханалар құру, сонымен қатар студенттердің икемді дағдыларын дамыту мақсатында жаңа платформалар құру арқылы университеттің білім беру, ғылыми және материалдық-техникалық базасын кеңейтуді көздейді. Аталмыш кластер құрамына «YMAY» халықаралық оқу-зерттеу лабороториясы, Қашықтықтан оқытуға арналған сандық зертхана, Арнайы және инклюзивті білім беру, Жаратылыстану эксперименттері, Бағдарламалау және виртуалды шындық, Эксперименталды археология, Палеогенетика, Инновациялық технологиялар зертханалары кіруі жоспарлануда.
ППУ-дың Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры С.Мурзакулов жобаның бірегейлігін атап өтті. Ең алғаш қазақстандық білім беру жүйесінде Альфа-буын өкілдерін оқыту және тәрбиелеу процесінде педагогикалық технологиялармен қатар, психоәлеуметтік құралдарды қолданылатын әдістемелік құралдар жүзеге асырылмақ.
"ППУ" КЕАҚ Альфа-буын педагогтерін даярлауға арналған аймақтық ғылыми-білім беру кластерін құру үшін барлық негізгі базалық жағдайлар қарастырылған: қала ішіндегі ыңғайлы локация; қажетті білікті персонал; университеттің білім беру бағдарламаларына жоғары сұраныс бар.
Жоба іске асып жатса, кластерде әлеуметтік кәсіпкерлік дағдылары мен жеткілікті тілдік деңгейі бар мұғалімдерді даярлау мен қайта даярлауға арналған, Альфа-буын өкілдерін оқыту мен тәрбиелеуде жоғары IT құзыреттілікті қажет ететін, икемді дағдыларды (soft skills) қалыптастыратын өзекті заманауи педагогикалық технологиялар құрастырылмақ.Құрылатын өңірлік кластердің әлеуеті университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының, Павлодар өңірінің барлық білім беру деңгейлеріндегі педагогтерінің біліктілігін арттыруға оң септігін тигізеді.

Соңғы жаңалықтар

  • «Колледжде ресурстық орталық құру және дамыту перспективалары»
    15 Сәуір 2021 ж. 3591

    2021 жылдың 15-ші сәуірінде Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжі Павлодар облысының білім беруді дамытудың инновациялық орталығымен бірлесе отырып «Колледжде ресурстық орталық құру және дамыту перспективалары» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға облыстың барлық аудандары мен ауылдарының мектепке дейінгі ұйымдарының басшылары мен әдіскерлері...

  • “Білім сапасына ойын технологиялары"
    05 Сәуір 2021 ж. 2543

    Бүгін Павлодар қаласының 29 балабақша педагогтарының қатысуымен Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледж студенттеріне арналған “Білім сапасына ойын технологиялары"  тақырыбындағы ZOOM  платформасында онлайн семинар-практикум өтті. К.З.Каиррбекова, А. Т. Хасиетова, Е.Ф.Негруцак, Ж.Ж.Сушенова, З.Ж.Кузьгова, Т.С. Ханзиева педагогтар студенттерге балалармен жұмыс істеуге арналған авторлық...

  • Ағылшын тілін оқытудың интерактивті әдістері
    01 Сәуір 2021 ж. 2678

    Шет тілі мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжі Павлодар облысының білім беруді дамытудың инновациялық орталығымен бірлесіп ағылшын тілін оқытуда тәжірибе алмасу мақсатында 2021 жылғы 31 наурызында жалпы білім беретін білім беру ұйымдарының ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған...